Сабақтың тақырыбы: Мәтіндерге тілдік талдау
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділігі: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың дамытушылығы: Мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту. Мәтіндегі азат жолдың рөлін байқату. Мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
48 - жаттығудың орындалысын дәптерлерін тексеру арқылы қадағалаймын.
Өткен сабақ бойынша қосымша сұрақтар қойылады.
б) Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мәтіндерге тілдік талдау тақырыбы жайлы түсіндіремін.
49 - жаттығу. Сөз тіркестерін, тұрақты сөз тіркестерін және күрделі сөздерді бөлек топтап жазу.
Сөз тіркес - Туған жер, ардақты кісі, көркем дүние
Тұрақты сөз тіркес – ит тұмсығы өтпейтін, қабырғаңмен кеңес
Күрделі сөз – торы ала,
50 - жаттығу. Күрделі сөздердің түрлерін ажырату.
Алып – ұшып – қос сөз, жайнамаз – біріккен сөз
51 - жаттығу. Ауызша. Мәтінді оқу.
53 - жаттығу. Сұрақ қою арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтап жазу
Аспан (не?), жас төгеді (не істейді?), ашынғаннан (неліктен?) т. б.
54 - жаттығу. Мәтін мазмұнына байланысты сурет салу
55 - жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру
58 - жаттығу. Мақалдарды оқып, арасына сызықша қойылу себебін түсіндіру
1. Ер қанаты – ат
2. Ата қоныс – алтын мекен
3. Ынтымақты ел – сарқылмас көл
4. Атаның өнері – балаға мұра
5. Баланың бас ұстазы – ата - анасы
Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма. 59 - жаттығу.