Ағартушы - педагог

Скачать

Класы: 5
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: "Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, еңбектерінде жастарды неге үндейтіндігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, өздігінен ой - өрістерін, сана - сезімдерін дамыту
Тәрбиелік. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: суреттер, қосымша басылым беттері
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті, музыка
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымдарын тексеріп, журнал толтырамын. Класс тазалығына мән беремін. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру.
§36. Түсініктерін сұрап, сұрақ - жауап аламын.
Үй жұмысын қорытындылап бекітемін.
Сұрақ - жауап түрінде.
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың мақсатын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырамын.
Ой түрткі.
Ы. Алтынсарин кім?
(Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетінің атасы, қоғам қайраткері, ғалым, этнограф)

* Кестені толтыру.
Қай жылы, қай жерде дүниеге келген
Қандай оқуды бітірген
Қандай еңбектер жазған
Өз еңбектерінде жастарды неге үндейді

"Жұлдызды сәт" ойыны.
1) Ы. Алтынсарин - өмір сүрген жылдар: (1841 - 1889 ж. ж.)
2) Ы. Алтынсарин... (Ағартушы - педагог)
3) Ы. Алтынсарин негізгі тәрбиесін кімнен алды? (Атасы Балғожа биден)
4) Ы. Алтынсарин қай жерде дүниеге келген? (Қостанай облысы, Торғай жерінде)
5) Ы. Алтынсарин қандай тілдерді жақсы меңгерген? (орыс, араб, татар, парсы)
6) Нешінші жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген? (1857)
7) Нешінші жылдары Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды? (1857 ж.)
8) Ы. Алтынсариннің "Қырғыз хрестоматиясы" жазылған алфавит? (Орыс алфавиті)
9) Ы. Алтынсариннің негізгі еңбектерінің бірі? (Қырғыздарды орыс тілге үйретуге негізгі басшылық)
10) Ы. Алтынсарин 1879 ж. тағайындалған қызмет? Торғай обл. мектеп не инспектор
11) ХІХ ғ. І жартысындағы ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог? (Ыбырай Алтынсарин)
12) Ы. Алтынсариннің "Қырғыз хрестоматиясы" нешінші жылы жарық көрді? (1879 ж.)
13) "Кел, балалар, оқылық!" атты өлең кімдікі? (Ы. Алтынсарин)
14) Ы. Алтынсариннің "Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңіне ән шығарған кім? (Жаяу Мұса)
15) Ы. Алтынсариннің "Қыпшақ - Сейітқұл" әңгімесінде уағыздаған кәсіп? (Егіншілік)
16) Ы. Алтынсариннің қыздарға білім берудің негізін салушы, қазақ қыздарына арнап мектеп - интернат ашқан қала? (Ырғыз)
17) Ы. Алтынсарин тұңғыш рет қазақ мектебін қай жылы ашты? (1864 ж.)
18) Ы. Алтынсарин қазақ тарихына қандай еңбегімен енді? (Алғашқы қыздар мектебін ашты)
19) Ы. Алтынсарыұлының ісін жолға қоюдағы терең із қалдырған жарқын істерінің бірі? (қолөнершілік, ауылшаруашылық мектептерді ұйымдастырды).

Сөзжұмбақ "Ыбырай".
Ы Р Ғ Ы З
Б А Л Ғ О Ж А
О Р Ы С
Т О Р Ғ А Й
А Л Т Ы Н
Й А С Ы

Тігінен.
1) Ағартушы - педагог? (Ыбырай)
Көлденеңінен.
1) Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына интернат ашқан қала? (Ырғыз)
2) Жас Ыбырай Алтынсарин кімнің қамқорлығында болды? (Балғожа би)
3) Ы.Алтынсариннің "Қырғыз хрестоматиясы жазылған алфавит (Орыс)
4) 1879 ж. Ы.Алтынсарин қай облыстағы мектептің инспекторлығына қызметке тағайындалды? (Торғай)
5) 1857 ж. Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті қандай медальмен бітірді? (Алтын)
6) Түркістан қаласының көне атауы? (Йасы)
Үйге: §37. Оқып келу. Қосымша тапсырмаларды орындау.


Скачать


zharar.kz