Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер. Шыдамдылық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Дене шынықтыру
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Грамматикалық тақырып - біріккен сөздер туралы түсінік қалыптастыру
Біріккен сөздер – екі не одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөздер. Мысалы. Тас+бақа, талды+қорған, Екі+бас+тұз
Біріккен сөздердің емлесі
1. Ғылымның әр саласында терминдік мәнге ие болған атаулар: баспасөз, еңбеккүн, сүтқоректі
2. Жан - жанууарлар мен өсімдік атауы: қарақұйрық, түймедақ т. б.
3. Зат атаулары: еттартқыш, шаңсорғыш
4. Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық
5. Дене мүшелері: асқаза, ұлтабар, мойыномыртқа
6. Ән - күй атаулары: Сарыжайлау, Қараторғай
7. Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел
8. Дәстүр атаулары: беташар, тоқымқағар
9. Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек
2. Сабақтың құпиялылығы - ребус шешу арқылы сабақтың лексикалық тақырыбын табу.
3. Жаңа сөздермен танысу:
Шыдамдылық - выносливость
Өмірінің ұзаруы - продолжительность жизни
Үйлесімділік - гармония
Сұлулық - красота
Салауатты өмір - здоровый образ жизни
Рухани - духовный
А) Айтылым: жаңа сөздерді дұрыс айту;
Ә) Тілдесім: жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөз тіркестерін құрап айту.
4. Кестедегі Спорттың қажеттілігі туралы берілген тірек – сызбаға үйініп, айту
Жазылым – дәптерге бірнеше сөйлем құрап жазу.
Үлгі: Спортпен шұғылдану барысында адамның алғырлығы қалыптасады.
Спортпен шұғылдану арқылы адамның оқу мен еңбекке ынтасы артады.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Жазылым. Сыныпты 3 топқа бөлу
І топ - шыдамдылық
ІІ топ - үйлесімділік
ІІІ топ - алғырлық сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.
V. Сабақты қорыту: Айтылым. Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба?
- Сіздерде қай ойынды көбірек ойнайды?
- Жақын арада спорт бәсекелері бола ма?
- Сіздің қалаңыздың спорт сарайына қанша көрермен сыяды?
- Алматыдағы ең үлкен стадион қайсысы?
- Сіз спортпен айналысасыз ба?
VI. Үй тапсырмасын беру: Денсаулық тақырыбына 5 мақал жазу, жаттау
VII. Бағалау
Біріккен сөздер. Шыдамдылық жүктеу
Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау