Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті – Математика (ҚМҰҚ)
Білім беру саласы; Таным
Сабақтың тақырыбы: 3 санымен таныстыру
Білімділік: 3 санымен таныстыру. Құрамын анықтау арқылы 3 санының қатарын ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы баланың 3 саны көлемінде білім - біліктілігін арттыру үшін дамытып оқыту және тізбек әдісін қолданудың тиімділігін білу. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санды атай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Халық педагогикасын ұштастырып жұмбақ, санамақ туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке қызығушылығын ояту, күнделікті қолданбалы бұйымдарды пайдалану арқылы ұлттық сана сезімін ояту. Ептілікке, бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылық, сөйлеу іс-әрекеттерін біріктіріп дамыту. Жан-жақты ойлау қабілетімен сұраққа толық жауап беру деңгейін арттыру. Ойлау, қабылдау сезімдерін жетілдіру. Сөздік қорын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Ой қозғау, әңгімелесу, логикалық ойын дамыту, сұрақ-жауап, көрсету, санау, қайталау, бағалау, сергіту сәті, қорыту.