Фитнес - аэробика.
Балабақшадағы қосымша білім берудің бір нұсқасы
Қазіргі таңда бүкіл әлемде, сонымен қоса біздің елде де фитнес бағдарламалар танымал болып келеді.
Фитнес - аэробика спорттық аэробика пәні ретінде ресми қабылданған. Спорттық аэробика - көркем және спорттық гимнастиканың, акробатика элементтері қолданылатын спорт түрі. Спорттық аэробика спорт түрі ретінде Америкада 1984 жылы туындады. 1998 жылы Қазақстан спорттық аэробика Федерациясы құрылды, ал ҚР - ның спорттық мемлекеттік комитеті мойындады.
Фитнес - аэробиканы жалпы спорт түрінде Қазақстан Аэробика Федерациясы белсенді дамытып келеді. Қабылданғаннан кейін спорт аэробика және фитнестің халықаралық федерациясының мүшесі болып тағайындалды. Содан кейін жаңа спорт түрін – фитнес аэробиканы дамыта бастайды.
Фитнес - аэробика өзіне заманауи танымал классикалы аэробика, степ, хип - хоп сияқты бағыттарды сіңірген спорт түрі. Кәсіби спортпен, спорттық аэробикадан айырмашылығы фитнес - аэробикада қауіпті және травма қауіпті элементтер жоқ. Фитнес - аэробика сауықтыру және спорттық аэробикасының теориясы мен тәжірибесінен барлық оңтайлы әрі қолайлы жақтарын сұрыптап алған. Бұл адам денсаулығына пайдалы, мамандардың тәжірибесі тарапынан уақытпен сыналған гимнастикалық және би қимылдары.
Адамның жан - жақты қалыптасуы мектеп жасына дейін басталады. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеттері: балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру. Мектепке дейінгі жаста алынған дұрыс денсаулық, адамның жалпы дамуының негізгі фундаменті болып табылады.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы, адамзаттың пайда болған тарихындағы, ең адамзаттық лозунг жариялады: Жер шарының әрбір адамына денсаулық!
Ұлы педагог В. А Сухомолинский баланың дүниетанымы, рухани өмірі - олардың бақытты балалық шағы мен денсаулығына байланысты деп атап өткен. Сондықтан дәл осы балалық шағынан дене тәрбиесі сабағын дұрыс ұйымдастыру аса маңызды, бұл организмнің күш жинауына және болашақта тұлғаның физикалық әрі жан - жақты дамуына септігі тиеді.
Қазіргі таңдағы балалар мен жасөспірімдердің білім беру жүйесінің даму этабы осы салада жинақталған мәселелер мен қарама - қарсылықтардың жауабына қажеттілік ретінде туындаған айтарлықтай инновациялық өзгерістермен сипатталады.
Қосымша білім беру мәселесі бүгінгі таңға дейін өзекті болып қалып отыр. Ата - аналардың қосымша білім беру қызметтеріне сұранысы артты.
Маркетиндік зерттеулер нәтижесі дене тәрбиесінен қосымша білім беру қызметіне сұраныстың артқанын дәлелдеді. Сондықтан біздің мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балалар фитнес үйірмесін құру қажеттілігі туындады.
М. А Васильеваның Балабақшадағы оқыту мен тәрбие беру бағдарламасындағы дене тәрбиесі тарауы музыка әуенімен, ырғақты гимнастика мен жалпы дамыту жаттығуларын орындауды қарастырады. Сонымен қатар оқыту жүйелі емес, фрагметті түрде өтеді. Спорттық секциядағы арнайы ұйымдастырылған сабақтар оқытудың тиімді түрі болып табылады. Алайда мектепке дейінгі білім беруде қажетті білім беру бағдарламасы жоқ.