Ежелгі дүние тарихы 6 - сынып
Дарынды оқушылармен жұмыс
Тақырыбы: Ең алғашқы адамдар
I - кезең. Көпір тапсырмалары
Бос орынға қажетті сөзді жаз.
1. ----- --------------------- қазба жұмыстары кезінде екі миллион жылдан астам уақыт бұрын тіршілік еткен адамдардың бас сүйектері мен ------------- сүйектері табылған.
2. Археология ғылымын кейде ------------------ қаруланған тарих деп атайды.
3. Археологтардың зерттеуінше алғашқы адамдар ---------------- ұқсас болған.
4. Халықтар мен мемлекеттердің ерте уақыттардан бері басынан өткендерін белгілі бір жүйе негізінде оқытатын пән – ---------------- деп аталады.
II кезең Білу тапсырма лары. Кім? Не? Қалай? Қашан? Қандай?
1. Ежелгі адамдардың өмір сүрген дәуірі қалай аталады?
Ереже: археологтар адамзат дәуірін еңбек құралдарының ерекшеліктеріне қарай бөледі. А). Тас Б). қола. Ә). Темір.
2. Ежелгі адамдар жыртқыш аңдардан қорғану үшін топтанып жүріп күнелткен. Бұл топтарды ғалымдар қалай атайды? -----------------------
3. Ежелгі адамдар тобыры тамырлармен, жеміс - жидекпен, құстардың жұмыртқаларымен т. б табиғаттың дайын өнімдерімен қоректенді.
Ол үшін немен айналысу керек? А) мал бағу Б) қолөнер Ә) терімшілік.
4. Алғашқы адамдар не істей алды?----------------------------------------
5. Ежелгі адамдардың ұлы жаңалығы: -------------------------------------
Түсіну тапсырма лары. Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті? Сөйлемді аяқтаңыз.
Не білдіңіз...
Сөйлемді өзгертіңіз...
өзара байланысын түсіндір
өз сөзіңмен айтыңыз...
Қалып кеткен сөзді жаз:
1. Ежелгі адамдар табиғаттағы -------------- басқа --------- затты білмегендіктен ең жақсы --------------тастан жасады.
2. Археологтар ежелгі адамдардың бас сүйектеріне қарап, олардың ----------------------------- маймылға ұқсаған деп дәлелдейді.
3. Адамдар төмендегі құралды не себепті жасады?
А) тағы аңдардан қорғану үшін
Б) Өсімдіктердің тамырларын қазып алу үшін.
Ә) Барлық жауап дұрыс.
В) А жауабы Б жауабына қарағанда дұрысырақ.
4. От жағу ежелгі адамдар -------------- үлкен өзгеріс әкелді.
Талдау тапсырмалары. Құрылымы қандай. Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз.
Себебін талдаңыз...
1. Төмендегі әрекеттер қай адамдарға тән?
Жуыну, сөйлеу, өсімдік тамырларын теру, етті шикі жеу, оқу, ұйықтау, үй соғу.
А) Ежелгі адамдар
Б) Қазіргі адамдар.
1. Қатемді тап: 1. Ежелгі адамдар етті шикідей жемеген. -------------------------------------
2. Осыдан екі миллион жылдан астам бұрын Шығыс Африкада өмір сүрген адамдардың қолдары тізесіне түсіп, еңкейіп жүрген және --------------------------------------------------------
3. Алғашқы адамдардың жануарлардан айырмашылығы -------------------------------- жасай білуі болды.