Тұманбай Молдағалиев өлеңіАй қарады көгілдір көл бетіне, Қыз қарады көлдегі келбетіне

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Ай қарады көгілдір көл бетіне,
Қыз қарады көлдегі келбетіне.
Қосылды да, қос сәуле құшақтасты,
Мөлдір толқын төсінде тербетіле.

Шоршып жүрген ақ шабақ тұнықтағы,
Қыздың көркін көрді әлде, тынып қалды.
Бала толқын, ай нұры, ерке балық,
Бірақ ару аңсарын түк ұқпады.

Қыз қозғалмай қадалып тұра берді,
Жылы сезім кеудеде туа берді.
Күтті ме екем, кім білсін, күтпеді ме,
Жеке қайық мүйістен шыға келді.

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz