Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі

Скачать

Пәні: дүниетану
Класы: 1
Пән мұғалімі: Жаназилова Айнагүл Маратовна
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: жануарлар тіршілігінде болатын күзгі өзгерістерді түсінуге жағдай жасау; табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу; жанды табиғат пен жансыз табиғаттың байланысын ұғындыру.
Сабақтың жабдығы: жабайы аңдар тіршілігін бейнелейтін слайд;

Сабақтың барысы:
1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау. Жанды және жансыз табиғатта күзде болған өзгерістер жайында әңгімелесу.
2. Оқулықтағы суреттер бойынша жұмыс. Суретті пайдаланып, қыста ұйқыға кететін жабайы аңдардың қысқа қарсы дайындығы туралы айту. Борсық, аю, кірпі қысқа қарай көп қоректеніп (қоңыз,
тышқан, бақа, орман жидектерін, жемістерін, шөпті, т. б. жейді)
семіреді. Олардың түр-түсін сипаттау.
3. Оқулықтағы мәтінді оқып беріп, мазмұны бойынша жұмыс жүргізу. Әуелі жеке сұрақтар бойынша сөйлетіп, кейін түсінігін тұтас айтуға жаттықтыру.

4. Аңдар немен қоректенеді? ойынын ұйымдастыру. Оқушылар қай жануардың немен қоректенетінін суреттен тауып көрсетеді.
5. Дәптердегі тапсырма бойынша әр аңның жейтін тағамын сызықпен қосу тапсырылады.
6. Сөздік жұмыс: кірпі, аю, борсық, қоректенеді, семіреді, ін, апан, т. б. тірек сөздері арқылы сөйлем құрастыру.
7. Тиін, саршұнақ, аламан қысқа қарсы азық қорын жинайды. Қасқыр, қоян, түлкі, бұғы, т. б. қысқа ешқандай қор жинамайды. Осылардың себебі туралы оқушылармен әңгімелесу. Сабақ барысында суреттер мен мазмұнды картиналарды молынан қолдануға және бейнетаспаларды пайдалануға болады. Сонымен қатар дәптердегі суреттер бойынша қай аңның немен қоректенетінін талдату.

8. Аңдардың түлеуі туралы түсіндіру. Табиғат ғажайыптары кітабынан алынған Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады? деген мәтінді оқудан басталады.
Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады?
Барлық аңдар күз түсісімен жаздық ескі, сирек жүндерін қысқы қалың және жылы тонға ауыстырады. Қараша айына қарсы олардың бәрі түлеп, қысқы киімдерін киіп алады .
Беймаза, тыным таппайтын тиін де түлейді. Оның қысқы тоны жазғы тонынан жылы, түсі де басқа.
Қысқы ақтонды аққоян мен аққалақ та киді. Бұл жануарлардың жазғы тоны - сарғыш қоңыр түсті. Енді бұлар ақша қардай аппақ тонға оранды. Күртік қардан оларды көре алмайсың.
Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды:
а) Түлеу дегеніміз не?
ә) Жануарлар не үшін тондарын ауыстырады?
б) Қандай жануарлар түлейді?
Оқушылар сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.
9. Дәптермен жұмыс. Дәптердегі жұмбақ шешіліп, жаз мезгілі бейнеленген суретке қоянның жазғы түрін, ал қыс мезгілі бейнеленген суретке қоянның қысқы түрін бейнелеп салу тапсырылады.
10. Сабақты қорытындылауға қойылатын сұрақтар:
а) Жануарлардың тіршілігі туралы не білдік?
ә) Жануарлар қысқа қалай дайындалады?
б) Қыста ұйқыға кететін аңдарды ата.


Скачать


zharar.kz