Әлде күнге өкінем бос өткізген, Әлде асығам белгісіз келер күнге

Скачать

Тұманбай Молдағалиев өлеңі

Елегізу
Ұйқым қайда, құдай - ау, ұйқым қайда,
Сыртта біреу жылай ма, сылқылдай ма,
Көк теректер неліктен шулай қалды,
Берілемін неліктен бір түрлі ойға.

Көзім алды көп елес қараңдаған,
Бір пәлекет келердей содан маған.
Әлдекіммен жолығып тұрғандаймын,
Дос болам деп кезінде бола алмаған.

Бір алапат кеудемнен қозғалды ма,
Хош, хош! - деймін күндерге озған мына.
Әлде маған жақын ба бір қуаныш,
Әлде менің өмірім аз қалды ма?!

Ұйқым қайда, ойпыр - ау, ұйқым қайда,
Сыртта біреу жылай ма, сылқылдай ма,
Көше толып барады қалың шуға,
Неге, неге берілдім бір түрлі ойға.

Ауыр тартып барады денем мүлде,
Бөлмем толып кетті бір нелер үнге.
Әлде күнге өкінем бос өткізген,
Әлде асығам белгісіз келер күнге!

Тұманбай Молдағалиев басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz