Ескен Елубаевтың өлеңі
Ойнақ салып бұзауым,
Қарашы үйден ұзауын.
Ойна,- дей ме,- берірек ,
Енесі тұр мөңіреп.
Қайырып мен келейін,
Жарысып бір көрейін.
Ал кешқұрым болғанда,
Апам сиыр сауғанда:
Бұзауға сүт қалсын , - деп,
Тоя еміп алсын , - деп,
Шықпаймын мен жанынан.
Көп саума , - деп жалынам.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері