Сабақтың тақырыбы: 2 – ге көбейту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 2 – ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой - өрісін, пәнге қызығушылығын, ауызша есептеу дағдысын дамыту;
Тәрбиелік: Ұлттық дүниетанымын дамыта отырып ата – дәстүрін білуге, шапшаңдыққа, ұқыптылық пен іздемпаздыққа жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, өзіндік жұмыс, уақыт бойынша өзін – өзі бақылау, топтық, жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы слайдтар, кестелер, тор көзді кестелер
Сабақтың барысы;
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Сабақты пысықтау, бекіту
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
Беске қолды жеткізу.
II) Үй тапсырмасын тексеру
№6 есеп
Өткенді пысықтау
Белгісіз санды атау
III) Жаңа сабақ.
Көркем жазу. 2 санын жазу.
Жаңа сабақты түсіндіру.
2 - ге көбейту кестесі қалай құрылғанын қарап, түсіндіріп айтып, дәптерлеріне жаздыру.
2х1=2
2х2=2+2
2х3=2+2+2
2х4=2+2+2+2
2х5=2+2+2+2+2
2х6=2+2+2+2+2+2
2х7=2+2+2+2+2+2+2
2х8=2+2+2+2+2+2+2+2
2х9=2+2+2+2+2+2+2+2+2
2х10=2+2+2+2+2+2+2+2+2+2
2х1=2
2х2=4
2х3=6
2х4=8
2х5=10
2х6=12
2х7=14
2х8=16
2х9=18
2х10=20
Ауызша түсіндіру
3х2=2х3
4х2=2х4
5х2=2х5
6х2=2х6
7х2=2х7
8х2=2х8
9х2=2х9
10х2=2х10
3 пен 2 – нің көбейтіндісі 2 мен 3 - тің көбейтіндісіне тең.
Сұрақ: Осы өрнектерден қандай өзгерістер байқадың?
Қорыту: Көбейткіштердің орны ауысып тұрғандықтан бұл өрнектер тең.
Жұптық жұмыс. 2 - ге көбейту кестесін толықтыр.