Әкесі баласынан

Скачать

Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Жүру барысы: І. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн!
Армысыз, мейірімді Жер - Ана
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
- Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, мемлекеттің аты Отбасы деп аталады.
- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...
Мұғалім: Сенің отбасындағы орның қандай?
Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, неге сұрай бересің - деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің "Анау не? Мынау не?", - деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын деп үнемі жауап беретінмін

Мұғалім: 1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке. Әке - асқар тау дейді халқымыз.
Әке туралы мақал - мәтелдер айту.
Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар аударайық:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса, одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға не істер едің?
Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім.
Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім.
Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын деп ағаш бесікке бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі - ана.
Ана туралы мақал - мәтел айту.
Мұғалім: Ана - сая бағың,
Әке - асқар тауың ,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі тірегі - әлпештеген әе мен аялаған ана. Сондықтан да оларды құрметтеуіміз керек.

Қорытынды.
Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке, ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.

Жүректен жүрекке шеңбері.
Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып, шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын. Отбасыларының шамшырағы болып жана беріңдер.


Скачать


zharar.kz