Дүниетану. 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары деген не?
Сабақтың мақсаты: оқушыларға пайдалы қазбалар, олардың адам өмірі үшін маңызын, пайдалану туралы түсінік қалыптастыру. Қазақстанның пайдалы қазбалар картасымен жұмыс істеуге үйрету.
1. Тау жыныстары, олардың қасиеттері мен өндіру жолдарын оқып - біледі.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігі артады, логикалық ойлауға, салыстырып, қорытынды жасауға үйренеді.
3. Топта бір - бірінің пікірін тыңдап, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.
Оқыту технологиясы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ - ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сыни тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ - жауап, баяндау, топпен жұмыс.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы: Пайдалы қазбалар топтамасы.
Күтілетін нәтиже: тау жыныстарымен танысады, топта бірлесіп ортақ мәселені шешуге үйренеді, өз беттерінше ізденеді, бір - бірінің пікірін тыңдауға үйренеді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Орта қалыптастыру. Ойын: Шаршы топ
Топтарға бөліну: мозайкалық әдіс.
Бағалаумен таныстыру: өзара бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек
ІІ. Қызығушылықты ояту:
Топтастыру: Адам өміріне пайдалы дүниелер
Миға шабуыл:.
- Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланады?
- Оларды қайдан алады?
- Отынның қандай түрлерін білесің?
- Металды қалай алады? Оларды қайда пайдаланады?
- Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?
ІІ. Мағынаны тану:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Оқулық бойынша жұмыс істеу.
а) Мақаланы оқу. Тау жыныстары деген не?
Әңгімелесу, пікір алмасу.
ә) Пайдалы қазбалар туралы айтқанда көз алдарыңа не елестейді?
Тірек - сызба құрастыру: (топтық жұмыс)
- Қандай тау жыныстары болады?
- Қазақстанның пайдалы қазбалар картасынан көрсету.
Әр топтың таныстырылымын тыңдау, бірін - бірі толықтырады.
Интерактивті тақтадан тау жыныстарының суреттерін көрсету, тау жыныстары туралы түсінікті толықтыру.