Айтылу мақсатына қарай - сұраулы сөйлем

Скачать

8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өтілген сөйлем, жай сөйлем және бастауышты қаншалықты меңгергендіктерін практикалық жұмыстар арқылы бекіту. Қазақ тілінде өзі жайлы толық айта алуға дағдыландыру.
2. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, қазақ тілін сыйлауға, құрметтеуге баулу.
3. Дамытушылық: 1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді дұрыс айта білуге үйрету. 2. Сөйлемдерде сөздердің орын тәртібін сақтай білу, дұрыс қолдана білу керек.
4. Сабақтың түрі: аралас сабақ
5. Білім беру әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
6. Қолданылатын принцип: ғылыми, жүйелілік, саналылық
7. Сабақтың көрнекілігі: корточкалар, сөзжұмбақ, бағалау парағы.
8. Пән аралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, балалар?! Отырыңыздар. Бүгін сыныпта кезекші кім?
Бүгін сыныпта мен, Кенжебулатов Калел, кезекшімін.
Бүгін қандай күн?
Бүгін қазанның жиырма жетісі, сәрсенбі.

Бүгін біздің сабағымыз өтілген модульді қайталауға арналған.
Өтілген мәтіндерді сұрақ-жауап арқылы еске түсіреміз.
Сабақты бастамас бұрын әр оқушыға бағалау парағы беріледі.

1. Сұрақ - жауап.
Әрқайсысы қораптан бір қағазды алады, онда берілген сұрақты оқып, оған жауап береді.
А) Сенің ана тілің қай тіл?
Менің ана тілім қазақ тілі. (орыс тілі)
Ә) полиглот деген кім?
Көп тіл білген адамды полиглот дейді.
Б) жер бетінде адамдар қанша тілде сөйлейді.
Жер бетінде бес мыңға жуық тіл бар.
В) Қанша тіл Ең ұлы тіл болып саналады? Оларды ата.
13 Тіл ең ұлы деп саналады.

Олар: қытай, ағылшын, үнді, орыс, испан, неміс, жапон, француз, бенгал, малайя, португал, итальян араб тілдері.
Г) Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан.
Ғ) ұлттық теңге айналымға қашан енгізілді
Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-нен бастап айналымға енгізілді.
Д) мемлекетіміздің бас қаласы
Мемлекетіміздің бас қаласы Астана қаласы.
Ж) мемлекеттік тілді білу қажет пе?
Мемлекеттік тілді білу қажет.

2. Сөзжұмбақ
Еліміздің символы ретінде не алынған? (Азия барсы)
Жаман сөзінің антонимі (жақсы)
Тіл жоғалса не жоғалады? (этнос)
Өнер алды қызыл... (тіл)
Сенің отаның (Қазақстан)
Ресейдің астанасы (Мәскеу)
Честь сөзінің аудармасы (намыс)
Дерево сөзінің аудармасы (ағаш)

АЗИЯ БАРСЫ
ЖАҚСЫ
ЭТНОС
ТІЛ
ҚАЗАҚСТАН
МӘСКЕУ
НАМЫС
АҒАШ

3. Жазбаша жұмыс. Тақтаның алдында талдау жұмысын өткізу.
Қазақ халқы егемендік алды. (казахский народ получил сувиринитет)
1. Сөйлем
2. Жай сөйлем
3. А. . қ. – хабарлы.
Алды - не істеді? баяндауыш
Қазақ халқы – кім? бастауыш

Жалқаудың ертеңі бітпейді.
Бітпейді – не істемейді? баяндауыш
Ертеңі – несі? бастауыш

Балалар тез үйлеріне қайтты.
Қайтты – не істеді? баяндауыш
Балалар – кімдер? бастауыш
Жаңбыр құйып кетті.
Құйып кетті – не істеді? баяндауыш
Жаңбыр – не? бастауыш.
Ертең құрылыс жұмыстары басталады.
Басталады – не істейді? баяндауыш
Құрылыс жұмыстары – не? бастауыш.
Сөйлемдерді оқып, қандай тыныс белгісі қойылатының ауызша айту.
Балалар үйлеріне қалай қайтты?
Айтылу мақсатына қарай – сұраулы сөйлем.
Балалар, үйлеріне тез қайтыңдар!
Айтылу мақсатына қарай – бұйрықты сөйлем.
Құрылыс жұмыстары қашан басталады?
Айтылу мақсатына қарай – сұраулы сөйлем.
Алақай, ертең құрылыс жұмыстары басталады!
Айтылу мақсатына қарай – лепті сөйлем.

4. Карточкамен жұмыс.
Әр қайсысына ауызша орындайтын жұмыстар беріледі.
5 - минут дайындыққа беріледі.
Өзін жайлы әңгімеле
Отбасыңмен таныстыр
Сыныптасын туралы айт
Мектебін жайында әңгімеле
Ауылың туралы айт

5. Тест. Модульдер бойынша тест жұмыстары беріледі. Алған білімдерін қорытындылаймыз.
Тест.
1. Адам арасындағы қарым - қатынас құралы.
А) тамақ
Ә) тіл
Б) киім
2. дүние жүзіндегі тіл саны.
А) 8 мың
Ә) 10 мың
Б) 5 мың
3. көп тіл білген адам.
А) полиглот
Ә) шешен
Б) жазушы
4. Республикамыздағы мемлекеттік тіл.
А) орыс тілі
Ә) қазақ тілі
Б) ағылшын тілі
5. қазақ тілі қандай тіл?
А) өте бай
Ә) бай емес
Б) кедей
6. ұлы тілдер саны
А) 20 Ә) 30 Б) 13
7. Тіл жоғалса не жоғалады?
А) жер
Ә) этнос
Б) су
8. туып - өскен жерің:
А) Ресей
Ә) Қазақстан
Б) Өзбекстан
9. Қазақстан президентінің Жолдауы.
А) Қазақстан 2008
Ә) Қазақстан – 2010
Б) Қазақстан - 2030
10. Президент жолдауындағы символ.
А) Азия барсы
Ә) Жолбарыс
Б) Арыстан
Үйге: қайталау.
Бағаларын қарастыру. Бағалау.
Қоштасу: Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz