Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қалай өсіп - өнеді?
Сабақтың мақсаты:
- Жануарлардың тіршілігі, қоректенуі туралы мағлұмат беру;
- Дүниетанымын, шығырмашылық қабілетін дамыту;
- Экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Жабайы жануаралар бейнеленген суреттер. Интерактивті тақта. Кестелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, зейіндерін жаңа өтілетін сабаққа аудару.
II. Психологиялық дайындық.
Қоршаған орта табиғат,
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау - парасат
Білейік мұны жамағат.
III. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, біз өткен сабақта мәтінді топқа бөлу арқылы жұмыс істегенбіз. Қазір сол топтар бойынша тапсырмалар орындайық.
1 топ: Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
2 топ: Қызғылт қоқиқаздар туралы.
3 топ: Көкек туралы
- Жарайсыңдар, балалар сіздер жақсы түсініктеріңді айтып шықтыңыздар.
- Құстар туралы не білесіңдер?
Топтастыру.
Құстар
IV. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар.
*Арқасында мың садақ, іздегені бір тамақ.
*Далада жүр шапқылап,
Керемет тым басқада,
Оған ұқсас жоқ құлақ
* Жаз бойы орман кезеді,
Жеміс - жидек көреді.
Апан оның іні,
Қысқы ермегі ұйқы.
- Балалар сіздер жұмбақтың дұрыс таптыңыздар.
- Бұл жануарлар қандай жануарлар?
- Жабайы жануарлар.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Жануарлар қалай өсіп - өнеді?"
- Күннің жадын жазып, тақырып жазылады.
- Қазір, мен сіздерді топтарға бөлемін.
I топ: Аюлар
II топ: Кірпілер.
III топ: Бұландар.
IV топ: Қояндар.
V топ: Қос мекенділер
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, түсініктерін айтады. Бір - біріне сұрақтар қояды.
- Балалар, сіздер жаңа сабақ бойынша түсініктеріңізді айта білдіріңіздер. Жалпы жануарлардың табиғатқа тигізер пайдасы, жануарлар өсімдіктердің өсіп - өнуіне көмектеседі. Жануарлар өз бетінше тіршілік етеді.
VI. Жануарлардың балаларының атауларын тап:
Қасқыр - көжек
аю - мыршай
түлкі - алан
қоян - бұғышық
барыс - бөлтірік
бұғы - қонжық
VII. Сергіту сәті
кі - кі бұландайды түлкі
ю - ю қорбаңдайды аю
ян - ян секіреді қоян
ыр - ыр ырылдайды қасқыр
VIII. Семантикалық карта.
№---- Жануар аты ---- өсімдікпен ---- жануарлармен ---- Бунақденелілермен ----- Құспен ----- жәндікпен
1 бұғы
2 Қасқыр
3 Аю
4 Түлкі
5 Бұлан
6 Қоян
7 Бақа
8 Кірпі
* Қандай тарауды өтіп жатырмыз?
*Жануарлардың алуан түрлілігі.
* Ендеше, жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
*Топтастыру:
Жануарлар
Жануарларға не қажет?
IX. Өзекті жағдаят.
- Жер бетінде құстар, жабайы жануарлар жойылып кетсе не болар еді?
X. Бақылау күнделігімен жұмыс.
XI. Сабақты қорытындылау.
Сұрақтарға жауап беру. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Қосымша мәліметтер жинау.