Ақыры біз кездестік

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Сәкен тойына
Өзің бе?..
Өзің ғажапсың!
От кешкен алғаш азатсың.
Халқыңа келген азатсың.
Тап жауынан өш алып,
Өшің де кеткен қазақсың!
Tap жол, тайғақ кешуді
Кешіп кеткен қазақсың!
Есіл өткен қазақсың!!!
Сойылдыға соқтырмай,
Қарулыға аттырмай,
Арашалап жұртыңды,
Алпауытқа аттың жай.
Heгe?
Heгe жыр тынды?!
Heгe кеттің таптырмай?
Айырылып қалыппыз
Күләш салған Гәккудай ,
Өзің жазған Аққудай ...
... Күрсініп ек, жан аға,
Сен жоқ деген сөзді естіп.
Жылдар салып араға,
Ақыры біз кездестік.
Сендей қорған, панаға,
Зәру болған кезде естік.
Ақыры біз кездестік.
Ақыл кіріп сол жастар,
Аға болды жол бастар.
Жалауыңды жыққан жоқ
Қызыл сұңқар - жолдастар.
Өзіңе ұсап жол басқан,
Өз Отанын қорғасқан,
Жалғасуда бізбенен,
Өзің жазған зор дастан.
Кесегесі көгерген,
Көп ырысқа кенелген,
Өзің жортқан түзіңді,
Өз кәзіңмен көрер ме ең.
Қайта айналып келер ме ең!
Мынау қазақ даласы,
Алтай, Арқа арасы.
Алатау мен Атырау
Тойлап жатыр, қарашы,
Естисің бе, ағасы?
Бүкіл қазақ баласы,
Сені еске алып, ағасы,
Думандатты, қарашы.
Аспанынан нұр тамған,
Сені еске алып тұр таулар...
... Ай - қай, Қызыл сұнқарлар!
Пай - пай, дүлділ тұлпарлар!
Ортаға алып Сәкенді,
Жас қазақтын, ұранын
Жаңарта бір шырқаңдар!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz