Алатау Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Алатау. Жамбыл Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Жамбыл Жабаевтың Алатау өлеңімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Өнерді құрметтеуге, өнер адамдарын тани білуге, өнерлі болуға баулу. Оқушыларды ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулу. Спортқа баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:
1. Бағалау - мотивациялық кезең
а) Амандасу. Психологиялық дайындық.
Мағынаны ашу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
1. Операциялық - орындаушылық кезең.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Сөз жұмбақты шеш.
1. Үлкен - үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп,
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
2. Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
3. Сылдыр қағып,
Таудан құлап,
Жатыр ағып Мөлдір...
4. Үлкен балық суда жүзген
Таба алмас тұрақ жерден
5. Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы.
6. Төгіліп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта - ақ.
7. Қанаты бар тышқан
Жасырынып күндіз
Қараңғыда ұшқан.
Оқулықпен жұмыс. Алатау
Әңгімені мәнерлеп оқушыларға оқыту.
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
- Дептермен жұмыс:
Ну – қалың
Мұнар – бұлыңғыр
Кептес – тілдесу, сөйлесу.

1. Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыр.
Берілген сөз ----------------- Осы сөзге қатысты көркем сөз
Таудан аққан су ------------ дыбысы, қимылы
Таудағы жемістер: --------- олардың дәмі...
Таудағы аңдар: ------------- олардың қимыл - қозғалысы...
Тау суындағы жәндік ----- оның қимылы...

Сергіту сәті.
3. Рефлексиялық - бағалау кезең.
Шығармашылықпен жұмыс.
1. Берілген суретке зер сал.
Суретпен жұмыс:
– Суреттен не көріп тұрсың?
– Таудан су қалай ағады?
– Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?
– Жемістің дәмі қандай?
– Таудан аққан бұлақта не кездеседі?
– Оның қимылы туралы не айтар едің?
2. Өзің тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құра.
3. Көрікті табиғат суреті сенде қандай көңіл күй туғызды?
4. Ойланып жауап бер.
Табиғат адамға не береді? Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесің?
6. Өз ауылыңның ( қалаңның ) табиғатын қалай қорғап, аялайтының туралы пікіріңді жазып кел.

Үйге тапсырма: Әңгімені мәнерлеп оқу, түсінік айтуға дайындалу.
Оқушыларды мадақтау.


Скачать


zharar.kz