Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 сәуір айындағы тапсырмасына сәйкес 2012 жылы орта мектептерде ағылшын тілін 1- сыныптан бастап енгізу қолға алынуда. Осыған байланысты 2012 жылғы қыркүйек айынан бастап Қазақстанда ЗЗ мектептің бірінші сынып бағдарламасына үш тілде оқыту жүйесі енгізілді.
Яғни оқушылар енді қазақ, орыс және ағылшын тілін жеті жастан бастап оқиды. Сондай-ақ ол 2020-жылға қарай биология, химия сияқты негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытыла бастайды. Бірінші сыныптан бастап үш тілде оқыған бала жаңа заманның талабына, сұранысына сай болмақ.
“Learning English may be fun” атты факультатив сабағы бастауыш сыныптарында оқытылатындықтың басты себебі де сол.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.