Мақпал келіпті әдейі іздеп

Скачать

Қозы Көрпеш - Баян сұлу спектаклі
Мақсаты: Ғабит Мүсіреповтің Қозы - Көрпеш – Баян сұлу пьесасына негізделіп жасалған драманы сахналық қойылым етіп көрсету арқылы оқушыларға шығарманың мазмұнымен таныстыру; оқушылардың әдебиет, өнер саласына деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың бойындағы әртістік қабілеттерін шыңдау.
Көрнекіліктері: Сахнада киіз үй іші, дала көріністері. Дыбыстық әрлеу: күйлер, табиғат дыбыстары.
Өтілетін орны: АКТ залы
Рөлдерді сомдаушылар:
Қарабай –
Күнікей ( Баянның шешесі) –
Мақпал (Қозының шешесі) –
Қозы - Көрпеш –
Баян сұлу –
Қодар –
Жантық -
Таңсық –
Айдар -
Таңқы –
Жарқын ақын –

Оқиға Қарабайдың үйінде, үйдің қасында жүріп жатады. Шымылдық ашылғанда Қарабай жүктің әр жеріне бірдемелерді тығып жүреді.
Қарабай: Қарабайдікі дегенде бұл жұрттың қызықпайтыны болсайшы! Тек талап алайын деп отыр... Түс көрсе де менің жылқымнан басқаны көрмейді. Ел дейді мұны! Ел мекен осы? Жау емес пе торлап тұрған, адыра қалсын бүйтіп ел болғаны!.. Жантық, ай Жантық, бері кел.
Жантық: Ау,(келе жатады)
Қарабай: Жантықтан басқа дені түзу адам қалды ма, бұл елде?
Жантық: Жайма, әйтеуір, Қареке?
Қарабай: Бар болғыр, жай болушы ма еді? Әй, бері қарашы, мен әуелі өзіме, сосын саған ғана сенемін, білесің ғой?
Жантық: Әрине, Қареке, о жағын білемін.
Қарабай: Білсең, отыр, мына бір түсімді жорып көрші!
Жантық: Е, жориын, Қареке, айта беріңіз.(отырысады)
Қарабай: Түсіңде қалың қол көрген қалай болады екен?
Жантық: Қол көргенде, қалай, әшейін жұрт па, болмаса жау ма?
Қарабай: Ой, Тәңірі! Әшейін жұрт бар ма осы күн жау болад та!..
Жантық: Онда жақсылыққа жори алмаймын Қареке...
Қарабай: Ойлаған жерден шықтың... жау коргеннің несі жақсы болушы еді, қап, ай, қап, енді қайттім.
Жантық: Түсіңде ғой, әйтеуір.
Қарабай: Ал, өңімде болса, қайтем? Нем қалады менің? Баянды сылтау қылып, ел мені тонап алар. Баян деген жай тырнақ іліктірудің қамы. Баянды беріп көрші біреуіне – күні ертең көріңді қазып, бар малыңа ие боп шыға келеді!.. (әрі - бері ойланып жүреді)
Сен былай істе, ойластыр осы мәселені. Баянды бір жақты қылайық.
Жантық: Жарайды, Қареке, ойлап көрейін.(кетеді)
Қарабай: О, Құдай, қыз бермедің, пәле бергенсің. Жетпіс жыл бойы жеті жапырағына тісім тимеген қайран мал жатқа бұйыратын болғаны да... (Шыға беріп, келе жатқан, Күнікей мен Мақпалды көріп) мына пәлесі әлі жүр ме еді соңымда! (Жата қалады)
Күнікей: Уа, котер басыңды, аш көзіңді... Мақпал келіпті әдейі іздеп.
Қарабай: Мақпал? Осы төңіректікі ме? Есенсіз бе? (Танымаған болады)
Күнікей: Нағып танымай қалдың?
Мақпал: Е, бізді кімнің танығысы келеді дейсің...
Қарабай: Көрмеген адамым сияқты...
Күнікей: Қозының шешесі Мақпал емес пе кәдімгі.
Қарабай: Қозы? Естімеген есімім.
Күнікей: Баянның атын ұмытпасаң, Қозының атын да ұмытпауың керек еді ғой, Қозы Көрпеш десем, есіңе түсер ме екен?
Мақпал: Қозы мен Баян бір күнде тумады ма? Бірге отырмадық па ол кезде?
Қарабай: Есімде жоқ... Одан бері қайда көшіп, қайда қонбадық?
Мақпал: Жалғыз Баянның қозыдан басқа баламен ойнамайтынын ұмытқан екенсің.
Қарабай: Ойын баласын кім байқаған сол...
Күнікей: Байқамасаң, сол екі баланы айырам деп, қасыңнан қуып жібермедің бе, жесір Мақпал мен жетім Қозыны.
Қарабай: Не деп жағалатып келесіңдер, ә?(басын көтеріп алады).
Күнікей: Он жетіге толғанша тірі болса, Қозы мен Баянды қоспай қалмаймыз деген Мақпал екеуіміздің антымыз бар - ды: қан құйысқанбыз: (екі әйел қанға былғанған орамалдарын көрсетеді) Міне... Сол күн бүгін жетті, сол ант бүгін толды.
Қарабай: Ә, Қарабайды осылай алмақ болдыңдар ма! (әйелдердің орамалдарын жұлып алып, лақтырып тастайды).
Мақпал: Уа, мың жаса! Құлдық, құлдық. Балам малшың, өзім сауыншың болайын...
Күнікей: Қалма обалына екі бірдей балдырғанның... Налыма Мақпал! Сен қайтып Қозыға естірт, мен барып Баянға естіртейін... Мен тас бекіндім! Айыртпаспын Қозыдан.
Қарабай: Не дейді мыналар, қайдағыны айтып (шығып кетеді).
Мақпал: Атай корме, Күнікей. Сөнген өртті қайта тұтат дегенің бе... Айта алмаймын мен! Тым болмаса, көріп қайтармын деп келіп ем Баянды. Ееді ол да мүмкін емес батырайын қарамды. (сырттағы дабырды естіп, бұлар кетеді. Топ - топ жігіттер келе жатады).
Айдар: Екпіндеме, Қодар мырза!
Қодар: Сен де көки берме босқа!
Таңқы: Өзге жұрт атқосшы - ау сендерге!
Қодар: Ағалықтарың осындайда еске түсетін болса, қоя қойыңдар. Жол менікі, қыз да менікі.
Айдар: Бұрын келген мен қайда қаламын сонда? (Жантық келе жатып).
Жантық: Ау, бетке ұстар жайсаңдарым бір қыз үшін қайтесіңдер бет жыртысып. Қазір Жарқын келсін. Көреміз Баянның не дегенін. Ал негізі жігіттің намысы, қыздың шешімінен де маңызды емес пе?


Скачать


zharar.kz