Тараз қаласы, №32 мектептің
математика пәні мұғалімі
Әбдраманова Жанерке Құрманбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Квадрат теңдеулер туралы алған білімдерін жинақтап, тиянақтау
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
А. Квадрат теңдеу туралы, оның түрлерін және шешу жолдарын біледі.
В. Теңдеулерді шешуге есептер шығара алады.
С. Есептерді шығарудың басқа да жолдарын қарастыра алады
Сабақтың көрнекілігі: Оқу бағдарламасы, оқу әдістемелік құралы, СТО,
АКТ, таратпалар, бағалау парағы, есептер жинағы, түрлі бояулар, стикерлер,
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, геометриялық фигуралар
бойынша 4 топқа бөлемін (тік төртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция)
2. Қызығушылықты ояту.
Математика – басқа ғылымдар үшін күрделі теңдеудей
Новалис (1 слайд)
Ой - толғау.
1. Квадрат теңдеу деген не?
2. Дискриминантты қай формуламен табу қажет?
3. Келтірілген квадрат теңдеу деген не?
4. Дискриминаттың үш жағдайын көрсет
5. Виет теоремасы
6. Толымсыз квадрат теңдеу деген не?
7. Толымсыз квадраттың үш жағдайын көрсет
8. Биквадрат теңдеу деген не?
3. Түсіну. Ауызша есептер
1. Әр топқа артық теңдеуді табу
1 – топ
1) 2х ²- х=0
2) 17х+14=0
3) 3х ²+2х - 5=0
2 - топ
1)- 3х ³- 2х ²=0
2) х ²+25х=0
3) 9х+1=0
3 - топ
1) 2х ²=0
2) х ²- 4=0
3) 2х - 6=0
4 - топ
1) х ²- 4х+6=0
2) 4х+х - 3=0
3) 9х ²- 36=0
Толық нұсқасын жүктеу