Гүл жайнаған ханым

Скачать

Бағила...... Бүлдіршін
БАҒИЛА - араб тілінен алынған бахи - мәңгілік, өмірлік, берік, тұрақты, мәңгі жасаушы.
БАҒЫМША - араб тілінен алынған бақ, бах — бақыт, ырыс, құт, яғни менің бағым, ырысым деген сөз.
БАЗАРАЙЫМ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі айым - менің қуанышым, базарым, айша жарқыраған аппағым.
БАЗАРГҮЛ - иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған қуанышым, базарым деген мағынада қойылған есім.
БАҚТЫГҮЛ - араб тілінен алынған бақыт + қазақ сөзі гүл, яғни гүл жайнаған бақытты бала деген мағына беретін есім.
БАЛАУСА - өндірдей жас.
БАЛБАЛА — балдай тәтті бала деген мәнді есім; араб тілінен бал - парасат, ақыл, ес, зерде, яғни ақылды, есті бала.
БАЛГҮЛ - балдай, шырынды гүл; яғни ата - ананың ең сүйікті, балдай тәтті баласы болсын деген мағынада қойылған есім.
БАЛҒАНЫМ — сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым. Түрі – Балғын.
БАЛДАЙ - ата - анасына балдай тәтті, қымбат болсын деп қойылған есім.
БАЛЖАН - балдай тәтті әрі ақылды болсын деп қойылған есім.
БАЛЫМ - менің балым, ақылдым, қымбаттым. Балғаным деген есімнің еркелете қысқартып айту түрі.
БАЛҚАДИША - ақылды Қадиша.
БАЛШЕКЕР - бал мен шекердей болсын деген тілекпен қойылған есім.
БАНУ - араб тілінен алынған эбнатун — көпше түрі банату — қыз, бойжеткен. Иран тілінен алынған бану — әмірші, әкім әйел, ханым.
БАТСАЙЫ - жолақты жібек мата.
БАЯН - көне түркі, монғол тілдеріне ортақ мықты , зор , бай мағыналы сөз. Араб тілінен вайан — айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама.
БАЯНСҰЛУ - ғашықтық жырдағы ақылды да сұлу қыздың есімі.
БӘДЕР - араб тілінен алынған бәдр — толық ай.
БӘДІГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен - теңдесі жоқ сұлу, әдемі қыз. Еркелете - қысқартып айту түрі — Бәдеш.
БӘДИҒА - араб тілінен алынған бадига — ғажайып зат, таңғажайып нәрсе, шығармашылық өнер, шеберлік, өте шебер.
БӘДИНҰР – араб тілінен — теңдесі жоқ сұлу, көркем, нұрлы.
БӘЗИЛА - (қараңыз: Фазила).
БӘКИЗАТ - иран тілінен алынған пак — таза, кіршіксіз + зада — бала, перзент.
БӘКІБАЛА - иран тілінен алынған пак — таза бала, яғни кіршіксіз, таза бала.
БӘЛИҒА - араб тілінен — есейген, ержеткен қыз.
БӘЛИЯ - араб тілінен алынған валия — оқыған білімді қыз.
БӘТЕС – орыс тілінен батист - жұқа биязы ақ мата. Осы матадай ақ, таза, адал болсын деген тілекпен қойылған есім.
БЕЙБІТГҮЛ - бала бейбіт өмірдің гүлі, қуанышы болсын деп қойылған есім.
БЕКДАНА – қазақ сөзі бек + иран тілінен алынған дана - білгір, яғни нағыз дана, данышпан.
БЕКСҰЛУ - тым сұлу, аса көрікті.
БИБІ - иран тілінен — үй иесі, азаматша.
БИБІГҮЛ - иран тілінен алынған бибі + қазақ сөзі гүл. Гүл жайнаған ханым.
БИБІНҰР - иран тілінен алынған - қыз біткеннің, әйелдердің нұрлысы, сұлуы.
БИБІСАРА - иран тілінен алынған бибі — әйел, сара — таза, яғни, таза, адал әйел.
БИБІХАНЫМ - ханым сөзінің өзгерген түрі. Қысқарған түрі — Биғаным.
БИБІЖАМАЛ - иран тілінен — көркем, сұлу қыз, әйел. Қысқарған түрі - Бижамал.
БОТА - түйенің ботасына ұқсатып қойылған есім.
БОТАКӨЗ - ботаның көзі сияқты мөлдір қара көз.
БҰЛБҰЛ - иран тілінен — сандуғаш.
БҮБІ - (қараңыз: Айбибі).
БҮБІШ - (қараңыз: Айбибі).
БҮБІХАН - (қараңыз: Айбибі).
БҮЛДІРШІН - өте жас, өндірдей жас.


Скачать


zharar.kz