3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып: Көктем.
Грамматикалық тақырып: Етістіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырып бойынша толық түсінік беру, жаңа сөздермен таныстырып, етістіктерді қайталап, жаттығу арқылы бекіту, лексикалық бірліктерді меңгерту, сабақты бекіту барысында алған білімдерін одан әрі жетілдіру, білімдерін бағалау;
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін, есте сақтау мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту, лексикалық минимумдарды қатыстыра отырып, қысқаша сөйлеу әрекеттерін қалыптастыру, топпен жұмыс, жекелей жұмыстарды орындау мақсатында іскерлікке машықтандыру, қисынды ойлау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік: Табиғаттың әсемдігін қорғауға, көктем мерекелерін білуге, аналарды ардақтап, салт - дәстүрлерді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, қызығушылықтарын оятуға қатысты мәтінге құралған сызба, сөйлесім әрекеттері оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім, жұппен, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Жабдығы: интербелсенді тақта.
І кезең.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәттілік тілейміз!
Сыныпты сабаққа әзірлеу.
Балалармен сәлемдесу.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Сұрақ - жауап.
- Ауызекі сөйлесу. Оқушылар бір - бірлеріне сұрақтар қояды.
Бағалау парағы
Бүгін бірнеше тапсырмалар орындайсыңдар, тақырып бойынша баға аласыңдар.
ІІ кезең.
Үй тапсырмасын тексеру.
109 бет. Диалогті досыңмен жатта.
Фонетикалық талдау. Математикалық тәсілмен.
- Балалар, қазір сендермен қосымша дәптерлерімізге. Талдау жүргіземіз. Орнымызда
орындаймыз. (Флипчарттың -№1беті).
Сөздер. Боран , Қар
Бағалау.
ІІІ кезең. Жаңа тақырыпқа шығу
- Қызығушылықты ояту.
Сурет Көктем (Флипчарттың -№2 беті).
- Тақтада не бейнеленген?
№1, 2, 3, 4 суреттерде.
- Бір сөзбен қалай атаймыз?
- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың
тақырыбы қандай?
- Бүгінгі сабаққа сендер қандай мақсат қоясыңдар?
- Мақсатымызға жету үшін қандай жұмыс жүргіземіз?
1. Жазылым
Дәптерге күнді жазу.
Тақтада.(Флипчат№ 3 беті.)
Ақпанның жиырма екісі.
Сынып жұмысы.
Сабақтың тақырыбы:
Лексикалық тақырып: Көктем.
Грамматикалық тақырып: Етістіктен өткенді қайталау.
2. Сөздік жұмысы
Тақтада.(Флипчат№4 беті)
Сөздік дәптерімізге сөздерді жазып, аударамыз.
Берілген сөздерді аударыңдар.
Бұлбұл - соловей
Торғай - воробей
Қарлығаш - ласточка
Ұшып келді - прилетели
- Балалар, сендерге осы сөздердің ішінде таныс сөздер бар ма?
Сөздердің мағыналарын түсіндіру дұрыс айтуға дағдыландыру.
А) мұғалім мәнерлеп оқиды
Ә) оқушылар дауыстап қайталайды.
3. Оқылым, аудару, әңгімелеу, талдау.
Тақтада.(Флипчат№5 беті)
(Құстардың ұясы туралы суреттер)
Балалар қазір сендермен мәтін бойынша жұмыс жұргіземіз.
Құстың ұясы.
Балалар ойнап жүріп, ағаштың арасынан бір құстың ұясын көрді. Бұл ұяның ішінде екі балапан отыр екен. Балалар оларды алып, үйіне әкелді. Әкесі баласына: Бұл балапанды ұядан неге алдың? Шешесіз балапандар өліп қалады, әрі шешесі де қайғырады ,- деді.
- Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.
Сөздік
Ұя - гнездо тұра алмайды – не смогут жить
Әкелді - принесли қайғырады - будут горевать
Шешесіз - без матери өліп қалады – погибнут
І топ(қазақ тілінде)
1 - тапсырма. Мәтінді оқы. Мазмұнын айтыңдар.
2 - тапсырма. Етістік дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер.
Мәтіннің ішінен етістіктерді дәптерге көшіріңдер.
ІІ топ (орыс тіліне аударады)
1 - тапсырма. Мәтінді оқы. Аударыңдар.
2 - тапсырма.
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтіріңдер.
Мәтіннің ішінен етістіктерді дәптерге көшіріңдер.
Көктем. Етістіктен өткенді қайталау жүктеу