Ежелгі дүние тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістан
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ежелгі Үндістанның табиғат жағдайлары мен ең ежелгі қалалары, үнді мемлекетінің құрылуы мен төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, берілген кестені толтыру арқылы оқушылардың ой - өрісін жетілдіру, шаруашылығына жеке тоқталып, оларды еңбексүйгіштікке баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, карта, интер белсенді тақта.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақты түсіндіру
IV Жаңа сабақты бекіту
V Бағалау
VI Үйге тапсырма
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу
2. Оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ми қозғау сөзжұмбақты шешу.
1. Парфия жерінде жекелеген аумақты кімдер басқарды? (сатраптар)
2. Парфия патшалығын құрған кім?(Арсак)
3. Арсактың інісі кімнің кезінде мемлекет территориясы кеңейді?(Тиридат)
4. І Митридаттың тұсында мемлекеттің батыс шекарасы қай өзенге дейін жетті? (Евфрат)
5. Сатраптықтар өз ішінде нелерге бөлінді? (Диз)
6. ІІ Диодот қай елдің билеушісі? (Бактрия)
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ежелгі Үндістанның табиғат жағдайлары мен ежелгі қалалары.
Үндістан - Азияның оңтүстігінде, Үнді түбегінде орналасқан, солтүстігінде Гималай таулары, орталығында Декан таулы үстірті орын алған. Үнді өзенінің жоғарғы арнасына бес өзен келіп құятын аумақты Пенджаб жерін бес өзен елі деп атайды. Б. з. б. ІІ мыңжылдықта ірі өзендердің бойында қалалар құрыла бастады. Үйлердің іргелерін күйдірілген жалпақ кірпіштен тұрғызды.
2. Үнді мемлекетінің құрылуы, шаруашылығы, салық түрлері, сауда байланыстары.