Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторымен жұмыс жасауға үйрету.
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірме баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, тұжырым жасау.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, тарих
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, информатика оқулығы, электронды оқулық
Күтілетін нәтиже:
оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
Редакторды іске қоса алады.
Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.
Сабақтың жоспары:
PAI NT графикалық редакторы туралы түсінік
PAI NT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAI NT графикалық редакторының құралдары
Практикалық бөлім
Суретті салу, сақтау
Қорытындылау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, қауіпсіздік ережесін еске түсіру, жаңа сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын Кім білімпаз сұрақ - жауап арқылы сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
І. Кім білімпаз - Компьютер дегеніміз не?
- Ақпарат дегеніміз не?
- F1 F2 қандай пернелер?
- Мониторға қалай қарау керек?
- Пернетақта дегеніміз не?
- Қауіпсіздік ережесінің 1 - шісі.
- Компьютердің құрылғыларына нелер жатады?
- Есептеу техникасының даму тарихы.
- Операциялық жүйе дегеніміз не? Не үшін қажет?
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы?
- Ақпараттың өлшем бірлігі?
- Алгоритм дегеніміз не?
- Модель дегеніміз не?
- Алгоритмнің түрлері?
- Монитор құрылғысының қызметі?
- Бит дегеніміз не?