№ 5 Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектеп мұғалімі
Танжарикова Ж. Қ.
Өзiн - өзi тану 1 сынып
Тақырып: Табиғатқа құштарлық
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: қамқор болу, аялай білу, әдептілік
Сабақ мақсаты: Табиғат ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу;
Міндеттері:
Білімділік мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету
Дамытушылық мақсаты: табиғатқа деген аялы қарым қатынастарын дамыту
Тәрбиелік мақсаты: табиғатты сүюге тәрбиелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. 5 Т ережесі.
Нұрға бөлену.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
Кім болам? тақырыбында сурет салу
2. Дәйексөз.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз
Р. Сәтімбекұлы
3. Мұғалім сыйы: Әңгiмелеу
Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі:
- Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, - дейді. Ал екіншісі болса: Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені, не түспеуі де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, – дейді. Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан - жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң - тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді. Адамдар да оған аса мән беріп қарай бермейді.
- Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз?
- Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаяттар шешу:
1 топ: Сен келе жатырсың, екі бала жас шыбықты сындырып жатыр екен. Сенің әрекетің?
2 топ: Тәртіпсіз бір бала құстарға тас атқылап жүр. Соны көргенде, сенің іс әрекетің?
Талдау: неліктен осындай әрекет жасадыңыз?
5. Топпен ән айту.
Топпен ән айту. Жас дәуірдің түлегіміз
Сөзін жазған: Е. Өтетілеуов
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
1. Бау - бақша, белдер,
Орман тау, көлдер –
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан –
Көңілді ауыл, қаламыз.
Қайырмасы:
Жадырап күндей,
Жайнаған гүлдей –
Бақытты біздер баламыз!
2. Өзіміз туған,
Көбелек қуған
Өлкеде өсіп, толамыз.
Жалықпай оқып,
Көңілге тоқып –
Білімді адам боламыз.
6. Үй тапсырмасы.
Дәптер бойынша оқушыларға өздеріне ұнаған табиғат көріністерінің суреттерін салу келуге тапсырма беру;
7. Соңғы тыныштық сәтi.
баяу музыка ойнатылады; оқушылар көздерін жұмып, бүгінгі сабақтан не түйренгендерін естеріне алып, іштей өздеріне, мұғалімге, барлық әлемге тыныштық, сүйіспеншілік жолдап, ризашылықтарын білдіреді. Сабаққа қатысқандарына рахмет!
Толық нұсқасын жүктеу