Мұқағали Мақатаев
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам,
Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман.
Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,
Табанға кірген шегеден, миына қаққан сынадан.
Қондырам - дағы ұяңа, отырам өзім күзетіп,
Әлдекімдерден қызғанып, әлсіреп жүрек дыз етіп;
Керімсал түннің кей - кейде кетеді маған сызы өтіп,
Отыра берем сонда да өмірдің кілтін түзетіп.
Қара аспанымнан, кей - кейде қара нөсерлер боратса,
Самалдатқаным мен сені, қапырық болып баратса.
Кішкентай күнім, кеш мені, барлығы - дағы сен үшін,
Иілмес емендерге мен, иілсем кейде садақша?
Бата ғой, күнім, дөңгелеп, шыға ғой, күнім дөңгелеп
Тірліксіз болмау үшін де, титімдей күнім, сен керек!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2