Сауат ашу
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру. Ж дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету. Әріптің баспа түрін жазғызу. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: Ж әрпінің баспа түр, кеспе әріптер, түлкі, қаздың макеті, Жолбарыстың, жұлдыздың, жүгерінің суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз.
- Күніміз көңілді өту үшін не істеу керек?
Бәрі: Бәріміз күндей жарқырайық? Бәріміз дос болайық,- деп бір - біріне лебіздерін білдіреді.
ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
Балалар бүгін біздерге қонаққа нелер келіп отыр?
- Қаздар
- Дұрыс, енді осы қаздар деген сөздің ең басында қандай дыбыс естіліп тұр?
- Қ дыбысы бізге таныс па?
- Таныс. Өткен сабақта Қ дыбысымен әрпімен танысқан болатынбыз.
- Бұл қаздар бізден көмек сұрап келіпті. Олар түлкіден қашып келеді екен.
- Ендеше, балалар, қаздарға көмек көрсетіп, түлкіден құтқарайық.
1 - қазды құтқару үшін өткен сабақтағы дыбыс пен әріпті еске түсірейік.
Сергіту сәті:
ІV. Жаңа сабақ
- 2 - қазды құтқару үшін мен жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін табайық.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
(Жұлдыз)
Жұлдыз сөзінде қандай дыбысты естіп тұрмыз?
Олай болса, біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз Ж дыбысы мен әрпімен танысамыз.
Ж дыбысын хормен айтқызу
Ж дыбысының таңбасын көрсетіп, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады.
V. Сурет бойынша оқушыларды сөйлету
Тақтадағы ілінген сурет аттарын атату, буынға бөлдіру
Жапырақ, жолбарыс, көжек, жүрек
Сергіту сәті.
- Ал, балалар, Ж дыбысымен, әрпімен таныстық, енді осыны дәптерге көркем етіп жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
1, 2, 3
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
4 пен 5 - ке жазамыз
VI. Дәптермен жұмыс
3 - қазды құтқару үшін Ж әрпін жазып үйренейік. Ауада жазу. Жазу жолындағы әріптерді жазу. Ж ж әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.
VII. Ойын. Сөз ойла, тез ойла
4 - қазды құтқару үшін.
1. Ж дыбысына байланысты сөздер айту
Ж
↓
жолбарыс, жұлдыз, жапырақ, жүзім, жүгері, жуа
2. Әріпті жұмбақ шешу
Жайлауда бар.
Қыстауда жоқ.
Жасылда бар
Қызылда жоқ. (Ж)
VIIІ. Сабақты қорытындылау
- Қандай дыбыспен таныстық?
Ж дыбысы қандай дыбыс?
Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Міне балалар, біз нелерге көмектестік?
- Қаздар сендерге риза болып, көп рахмет айтып жатыр. Әрқашан осындай қайырымды болыңдар!
ІХ. Бағалау
- Балалар, өздерін күнмен бағалау.
Ойланайық бір мезет,
Бақылайық, байқайық,
Бірімізге - біріміз.
Күн шуағын сыйлайық.
- Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Қандай жұмыс түрлері ұнады?
Сұрақ - жауап арқылы сабақтың өту барысы талқыланып, сабақ аяқталды.
Қуанышты хабарлама. Сабақта Күліп тұрған күн алған балаларды мадақтау.