Шешенің сабағы қыз бала үшін өмірлік өнеге болатыны ақиқат

Скачать

Карьера деген не өзі?
Қазіргі кезде ең алдымен карьера жасауым керек, отбасы сонан соң дейтін қыз - жігіттер көбейген. Қарағым, жасың өтіп кетіп өкініп қалма, ең алдымен отбасын құрғаның жөн?! , деп айтар ата - ана жоқ, керісінше, бізді бағады деп қолпаштап отырғандары. Дәл осылай, кәрі қыздар мен сүр бойдақтардың саны жыл өткен сайын қолдан арттырып келеміз. Әсіресе, соғы кезде кердеңдеген, тасыраңдаған әдепсіз қыздар көбейген. Шеше қызына: күйеуге шықсаң төрт қабырғадан басқа түк көрмей бала бағып отырасың , деп құлағына құя берсе қыз бала бағын қайдан тапсын? Шешенің “сабағы” қыз бала үшін өмірлік өнеге болатыны ақиқат.
Әке - шешенің бала алдындағы басты міндеті ұлды ұяға қызды қияға уақытында қондыру емес пе? Әлде, мен қателесем бе, қазір заман басқа ма? Меніңше, қыз баланың ең басты мақсаты жасы жетісімен күйеуге шығу, бала табу, ана атанып бір әулетті үйіріп отыру емес пе? Карьера деген не өзі? Жалмаңдап, өзіңді де, өзгені де жұлып жеп, қайран уақытты бос өткізіп алу ма?

Жайна.


Скачать


zharar.kz