Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру

Скачать

Білім саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығы болатынын түсіндіру. Болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.
Көрнекілігі: слайд, мамандар киім үлгілері.
Әдіс - тәсіл: Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың барысы:
- Балалар бүгін бізде ерекше күн, тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасады.
Жылулық шеңбері: Тілек шоғы деп аталады.(әр қайсысында бір тал гүл) бір - біріне жақсы тілектер айтады.
- Әр күнің қуанышқа толы болсын,
- Саған денсаулық тілеймін.
- Аспанымыз ашық болсын
- Ата - анаң аман болсын
- Балабақшамыз көркейе берсін.
- Деніміз сау болсын.
- Балалар қараңдаршы сендердің гүл шоқтарың үлкен тілек шоқтарына айналды.
- Мінеки өзгеге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң өзіңе қайтып оралады.
- Балалар осы жақсы көңіл күймен оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.

Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз,, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет етеді.
Слайд көрсету, әңгімелеу, балалардан сұрау түсінік беру.
Шаштараз - бұл мамандық иесі адамдардың шашын қиып сәнін келтіреді.
Дәрігер - ақ қалатты абзал жан, адам баласының арашасы емдейді шипасын тигізеді.
Мұғалім - әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын абзал адам.
Аспазшы - дәмді тағам пісіретін(маман иесі).
Жүргізуші - баратын жеріңе тез жеткізіп салатын, адамға қамқор болатын жан.
Құрылысшы - зәулім ғимараттар, қабат - қабат үйлер салатын маман иесі.

Міне мамандық иесінің өзіндік ерекшелігі, әр маманның өзіне тиесілі жұмыстарымен шеберліктерімен ерекшеленеді.
Слайдтан мамандық иелерін көрсету арқылы балалардан сұрақ - жауап жұмысы.

Сергіту сәті: Балалар бақшаға келеді,
Тәрбиеші оларға қуанды.
Аспазшы дәмді етіп тағам пісірді.
Ал егер жөтеле қалсақ
Дәрігер емдем жазады.

Мамандық иелеріне арналған балалар тақпақтары.
1 - бала. Қолда темір қалағым.
Саздан сарай саламын
Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.

2 - бала. Отанның ұланын
Баулаған мұғалім
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын.

3 - бала. Тіс ауырса
Іш ауырса
Анам дәрі береді
Барлық адам
Барлық бала
Оны жақсы көреді.

4 - бала. Емес оның жәй ісі.
Қолда тарақ, қайшысы
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.

5 - бала. Бірде қырға шабады.
Бірде тауға шабады.
Ағам дамыл таппайды.
Қашан демін алады.

Ойлау қабілетін дамытуға байланысты ойын: Мамандық құралын тап Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралын қарындашпен сызу арқылы табады.
Сюжетті рольді ойын: Дәрігер Ойын барысында балалар бір - бірімен қарым - қатынасты нығайту барысында сыпайылықты, инабаттылықты, адамгершілік сезімдері оянады.
Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Мамандықтар туралы толық түсінік алуы, мамандықтың еңбек екендігін, еңбек ету арқылы халыққа пайда келетінін білуі керек.
Болуы керек: Мамандықты таңдай білуі, оған деген сүйіспеншілігі болуы керек.

Қортынды: Балалар біз бүгін мамандықтар туралы толық мағлұмат алдық оның еңбек екендігін білдік. рольдерге бөлініп дәрігердің жақсы маман екендігін ойын арқылы көрсете отырып сендер өздерің еңбек жасадыңдар, мінекей қандай еңбек болсын бәрінің өз мамандығы болады.


Скачать


zharar.kz