Бүгінгі баланың бал тілі, ертеңгі ұрпақтың ұлт тілі

Скачать

Тіл - елдігіміздің белгісі
Тіл – ұлттың жаны, мінез - құлқы, айнасы. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым – қатынас құралы, сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс.

Қазақ тілі – халқымыздың өткені, қазіргі және болашақ ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы біз өз ұлтымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Осындай маңызы бар алтын мұрамыз Қазақ тілінің қажеттігін Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай түйіндеген. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр . Әрине, бұл шындық. Тіл – елдігіміздің белгісі, ұлтымыздың рухы, мұрасы, мәдениеті. Өткенді өлшеп, келешекке көз жүгіртсек, бүгінгі ұрпақ қазақ тілінде қандай дәрежеде сөйлейді деген сауал туындайды. Бүгінгі баланың бал тілі, ертеңгі ұрпақтың ұлт тілі. Сондықтан бастауыш сыныпта оқушының тілін дамыту қоғамдық маңызы бар мәселе болып табылады. Өз тілінде еркін, таза сөйлеуге үйрету қажырлы еңбек. Тілі бай адам ешқашан мәдениетсіз болмайды. Себебі тіл адамның жалпы мәдениетімен тығыз байланысты. Орынды, сыпайы сөйлей білу осының туындысы.

Көп тілді білу – бұл ақпаратты техника ғасырының талабы. Ел экономикасының дамуын бір жақты қарастырмай, өз ұлтымыздың рухани дамуымен қоса алып жүру табиғи болуы керек. Елжанды азаматтар Отанын сүйетінін өз тілінде сөйлеумен дәлелдеуі керек. Осындай жетістіктердің баспалдағы бастауышта.
Тіл дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерін жинақтап, осынша жылдар ішінде байқағандарым:
Бастауыш сыныпта жиі кездесетін қиындықтар
- 1 сыныпқа келген көп балалар қазақ тілінде еркін сөйлей алмайды, кейде тіпті қазақша білмейтін жағдайлар да кездеседі;
- Көп жағдайда балалар ата - аналарымен ауызекі тілде орыс тілінде сөйлеседі;
- Тіл дамытуға байланысты қосымша дидактикалық материалдар аз;
- Мектепте жиі кездесетін қиындықтарды (тілге қатысты) шешу, жою жолдарын зерттеп, тәжірибе тарату көбейсе;
- Мектепте, мектептен тыс мекемелерде тіл дамытуға қатысты қосымша үйірме, клубтар да аздау.
Әрине, тізе берсе қиындық көп. Менің мақсатым өз тәжірибем арқылы жинақтаған кейбір әдіс - тәсілдердің осы қиындықтарды шешудегі тиімділігін көрсету.


Скачать


zharar.kz