Қадыр Мырза Әли
Аспан әсері
Көрсетпейді ғашықтарды күлгін бақ,
Күлгін бақта құшақтағы Гүл қымбат...
Жеткен талай сері түннің түбіне
Жымыңдайды қыз - жұлдыздар қылмыңдап.
Отыздағы ойлы азамат, ал ақтал!
Орман кезіп нағып жүрсің далақтап?!
Отыз күннің басын шауып түсірген
Қылыш - Ай тұр қақ төбеңде жалақтап!