Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін

Скачать

Ж ү з д е н ж ү й р і к.
Мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту, ана тіліміздің қадір - қасиетін дамыту, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, Оқушылардың шапшаңдыққа, дәлдікке баулу денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу.
Түрі: Көңілді старт
Көрнекілігі: Шарлар: Доп, қапшық, скакалка, әр түрлі фигуралар, корзина т. б

Жүргізуші: Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында демекші, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, Жүзден жүйрік атты сайыс - ойынымызға қош келдіңіздер!.

Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар. Қарлығаш 5Г тобы - ойыншылары
Барыс 5 Б тобы - ойыншылары:
Бәйтерек 5 А тобы - ойыншылары:.
Жасулан 5 Ә тобы - ойыншылары:.

Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
1. Таныстыру (Әр топ өзің таныстырады)
2. Кім білгір? (Салт дәстүрге байланысты сұрақтар)
3 Кім жылдам? (Мақал - мәтел жалғастыру)
4 Ойланып көр? (Наурыз нақыштары)
5 Қателеспе? (Қамбақ шар)

Енді біздің ойынымызды бақылап, сараптап отыратын әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
Жүргізуші:
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз
Жүзден жүйрік атты
Кешімізді бастаймыз.

1-бөлім Таныстыру (Әр топ ұраның айтып, төс белгісімен таныстырады)

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!

Жүргізуші: Кезекті ойынға береміз. 1 - бөлім Кім білгір? деп аталады. Бұл бөлімде әр топ мәре сызығына дейін доппен ойнап барып, кері қайтарында скакалкамен секіріп келеді. Сұраққа жауап береді (салт - дәстүрге байланысты).
Сүйінші
Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші - сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сәлемдеме.
Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір - біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір - біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме әкелген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып, беруде ғана емес жақын - жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.


Скачать


zharar.kz