Әйелдер ақшаны ақылмен жұмсайды

Скачать

Әйелдер ақшаны ақылмен жұмсайды. Нәтижесінде: ақыл да жоқ, ақша да жоқ.

Ақылың болмаса, ақша да – жаман.

Уақыт бос өткізуді сүймейді.

Қиын - қыстау күнге ақша жинап қоюға мүмкіндігіңіз бар ма? – Мүмкіндік бар, ақша жоқ.

Ақша пайда болса – әйел пайда болады. Әйел пайда болса – ақша жоғалады. Ақша жоғалса – әйел жоғалады. Әйел жоғалса – ақша пайда болады... Егер, осы шеңберден әйелді шығарып тастасаңыз Сіз ертегідегідей бай боласыз!

Ақша менде көп емес,
Керек кезде жоқ емес.
Келеді де кетеді,
Керегіме жетеді.
Шүкір!

Қожанасыр туралы аңыз
Бірде Қожа байдан ақша сұрапты.
- Ақша саған не үшін керек?
- Піл сатып аламын.
- Егер сенің ақшаң болмаса, пілге қалай азық тауып бермексің?
- Мен сенен ақыл емес, ақша сұрадым ғой!

Дайындаған: Жадыра

Сіздің де бұл тақырыпта жазбаларыңыз болса, поштаға жолдауыңызға болады: @yandex


Скачать


zharar.kz