Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талда

Скачать

ТҮБІР МЕН ҚОСЫМША (6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы ұғымдарын дамыту, жұрнақ пен жалғаудың атқаратын қызметін таныту; тәрбиелік – ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу; дамытушылық – фонетика, лексика тараулары бойынша алған білімдеріне сүйене отырып сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, тақырыпқа арналған кеспе карточкалармен жұмыс грамматикалық ойын, жаттығу жұмыстары, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, кеспе карточкалар.

Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу; ә) сыныптың тазалығы мен оқушының сабаққа дайындығына назар аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Сөздер қандай жолдармен жасалады?
ә) Сөз тұлғасы деген не?
б) 68-жаттығуды оқып, сөздерді құрамына қарай ажырат.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Тақырыптың аты жазылып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі. ә) Өткен сабақтағы Сөз тұлғасы туралы алған білімдеріне сүйене отырып, оқушылардың өзі қосымша сөзіне анықтама береді. б) Төмендегі өлең жолдарын жаздырып, түбір сөздер мен қосымша жалғанған сөздерді табады.
Сені іздедім кездескен адамдардан
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
(Мұқағали Мақатаев. Поэзия )

в) Қосымшаның неліктен жалғанатынын ұғу үшін өлең жолдарындағы қосымшаларды өшіріп, дауыстап оқытылады. Қосымшалардың сөз бен сөзді байланыстыратынын оқушының өзі айтады.
г) Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп (мақал).
Мақалды оқытып, жұрнақты тапқызу, жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертетінін немесе түрлендіретінін оқушының өзіне айтқызу. ғ) Қосымшалардың түбірге жалғануында қандай дыбыстық заңдылықтар бар екеніне оқушы назарын аударту.
Оқулықтан 69-жаттығуды орындату.
а) Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талда.
ә) Түбір мен қосымшадағы дауысты дыбысты салыстыр.
б) Түбір мен қосымшадағы дауыссыз дыбыстардың үндесуін байқа.
2. Сатылай кешенді талдау жүргізу, сөз құрамына қарай талдату

Ақтөбе облысы
Қандыағаш қалалық №2 орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Нұрмағамбетова Роза Қылышбайқызы


Скачать


zharar.kz