Біржан салдың әнін ата

Скачать

5 сынып музыка пәні бойынша тест
1. Қорқыт күйлері қандай аспапта орындалады?
а домбыра
ә қобыз
б жетіген
в шаңқобыз

2. Асанқайғы қай ғасырла өмір сүрді?
а 12ғ
ә 13 - 14ғ
б 14 - 15ғ
в 19 - 20ғ

3. Асанқайғының күйін тап.
а Желмаяның жүрісі
ә Ерден
б Аман бол шеме аман бол
в Салтанат

4. Байжігіт кім?
а батыр
ә термеші
б әнші - композитор
в күйші, жырау

5. Домбыра қандай бөліктерден тұрады?
а асық, ішек, тиек
ә ішек, тиек, шанақ
б тері, қоңырау
в тиек, шанақ, ысқыш

6. Сілкіп ойнайтын аспап түрі.
а асатаяқ
ә қобыз
б домбыра
в дауылпаз

7. Аңға шыққанда, діни жоралғыларды, жауынгерлік жорықтарда пайдаланатын ұрмалы аспап.
а мүйізсырнай
ә дауылпаз
б қобыз
в дабыл

8. Қазақтың ұлттық аспабы.
а сазсырнай
ә дауылпаз
б домбыра
в қобыз

9. Бақташылардың қурайдан жасалатын ең сүйікті аспабы.
а домбыра
ә сыбызғы
б сазсырнай
в шаңқобыз

10. Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.
а мүйізсырнай
ә сазсырнай
б сыбызғы
в шаңқобыз

11. Асатаяқ аспабын қай кезде пайдаланады?
а халық әндерін сүйемелдей үшін
ә ұлттық билерді сүйемелдеу үшін
б салт - дәстүрге арналаған әндерді сүйемелдеу үшін
в төрт түлік малға арналған әндерді сүйемелдеу үшін

12. Сазсырнай аспабы неден жасалған?
а ағаштан
ә темірден
б саздан
в теріден

13. Мүйіз сырнай неден жасалған?
а сиырдың мүйізінен
ә ағаштан
б қошқардың мүйізінен
в еліктің мүйізінен

14. Ұранды кімдер пайдаланған?
а әншілер
ә ұсаталар
б жауынгерлер
в күйшілер

15. Өзбек халқының музыкалық аспабын ата.
а ооз қомыз
ә рубаб
б домбыра
в гиджак

16. Түркімен халқының музыкалық аспабын ата.
а гоор
ә сибизик
б дилли - тюйдук
в комыз

17. Тәжік халқыны музыкалық аспабын ата.
а қомыз
ә рубаб
б буламан
в думбра

18. Қырғыз халқының музыкалық аспабы.
а домбра
ә қомыз
б дутар
в комуз

19. Субдоминанта қай сатыдағы дыбысты атайды?
а үшінші
ә төртінші
б бесінші
в алтыншы

20. Доминанта қай сатыда?
а үшінші
ә төртінші
б бесінші
в алтыншы

21. Біржан салдың әнін ата.
а Хаулау
ә Жанбота
б Айттым сәлем, қаламқас
в Гәкку

22. Абайдың әні
а Гәкку
ә Желсіз түнде жарық - ай
б Теміртас
в Кербез қыз

23. Ақан серінің әні.
а Балқадиша
ә Жанбота
б Теміртас
в Көзімнің қарасы

24. Орыс халқының музыкалық аспабы.
а волынка
ә сопилка
б гусли
в мазанка

25. Дәстүрлі күйшілік өнер тарихының бастапқы өкілі.
а Тәттімбет
ә Сүгір
б Дина
в Құрманғазы


Скачать


zharar.kz