Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Мен азаптың аузындағы шылыммын!
Мен азаптың аузындағы шылыммын!
Сораптайды құшырланып ол мені.
Мен – шығынмын!
Шырын мұңға сатылғам,
Көк түтін боп тұншықтырам бөлмені.
Үнсіздігің сорып жатыр күл қылып!
Мыжғылайсың жүрегімді тұқылдай.
Ал мен сені көтеремін Күн қылып,
Күлсалғышта өмір сүрем ұтылмай.
Жұпарыммен жүйкеңізді емдеймін!
Жұтылудан қорықпаймын жоқ болып.
Мен өлмеймін!
Бұлқынғанда көнбей мұң
Шылымыңда оянамын шоқ болып...
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау