Авторлық бағдарлама

Скачать

Авторлық бағдарлама: Promethean - ның ActivClassroom интерактивті сыныбын сабақты түсіндіруде пайдалану

Үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатымен мектептерде орнатылған Activclassroom сыныбын пайдалана білу заман талабы. Сандық технология дәуірінде дүниеге келген бүгінгі оқушылар кітапты оқудан гөрі электронды құрылғылармен әуес. Ғаламтор, планшет, ұялы телефон, ноутбук, компьютер барлығы да қолжетімді шақта оқушының көңілін сабаққа аудару жеңіл іс емес екені әрбір ұстазға мәлім. Қазақстанның көптеген мектептеріне орнатылған Activclassroom интерактивті сыныбы бұл жағдайдағы мәселеге дауа екені сөзсіз. Бірақта біз бұл интерактивті сыныпты тиісті деңгейде пайдаланып жүрміз бе әлде бұл құрылғылардың, бағдарламалық жабдықтамалардың сырына қанық жете алмадық па? Қазақша контенттің әлі аз болғандығынан болар, ActivClassroom мәселесін орнықты түсіндіретін әдістемелік көмектің жоқтың қасы. Өздеріңізге ұсынылған әдістемелік құрал ActivClassroom интерактивті сыныбын меңгеремін деген барлық адамға арналған түсінікті әрі нұсқаулықтармен орындалған.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
• Оқу үрдісінде Promethean интерактивті технологияларын пайдалануды үйрену
• ActivInspire бағдарлама жабдықтамасын қолдануға машықтану
• Интерактивті сабақты көрнекті әрі тиімді дайындау қағидаларын анықтау
• Интерактивті сабаққа флипчарт дайындауға машықтану
• Оқушының танымдық қабілетін белсендіріп, әрбір сабаққа қызығушылығын арттыру.

Ұсынылып отырған бағдарлама көмегімен сіз интерактивті сабағыңызды тиімді түрде өткізіп, сапалы флипчарт дайындауды үйренесіз.


Скачать


zharar.kz