Тыңдаңдар балалар

Скачать

1. Зат есім
2. У дыбысы
3. Пайдалы қазбалар
4. Адамның сезім мүшелері. Көз
5. І дыбысымен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: І дыбысымен таныстыру
Сабақтың мақсаттары: І дыбысының әріптік таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздер үйрету.
2. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін оқу жылдамдықтарын дамыту.
3. Балаларды қазақтың киімдерін, заттарын танып білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, і әрпіне байланысты суреттер.

І. Сабақтың барысы:
Көжектерім тұрыңдаршы,
Беттеріңді жуыңдаршы,
Айнаға қараңдаршы,
Шаштарыңды тараңдаршы,
Қане, сабаққа қараңдаршы.

ІІ. Өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?
- К к дыбысымен.
- К к дыбысы қандай дыбыс (дауыссыз).
59 - беттегі буындарды оқытып жуан, жіңішке дауыстыларды қайталау.

ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық.
Ал, балалар, бүгін біз жаңа әріппен таныспас бұрын сендерге бір жұмбақ айтайын. Егер сендер сол жұмбақты тапсаңдар бізге қонақ келеді. Міне, өздерің айтқан сөздерге і дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында келеді.
Егер таппасаңдар, ол қонақ сендерге ренжіп қалады.
Тыңдаңдар балалар.
Жұмбақ.
Босағадан табылған,
Кейде перне жамылған
Бұйымның бас әрпі не
Кімге арнай қосылған?
Бұл не? (Ілгіш)
- Мынау не балалар?
- Киім жапқыш.
Енді бізге қонақ келеді. Ол қонақ бізге қоржын алып келеді. Біз енді қоржын ойынын ойнайық.
- Балалар, қоржын деген не?
- Қоржын деген екі жағы қалта тәрізді жіптен тоқылып жасалған зат.
- Балалар, қоржын қыз ұзатқанда, келін түсіргенде ашылатын зат. Сендер апаларыңнан қоржын салуға немесе қоржын тігеміз соған шақырып жатыр деген сөзді естіген шығарсыздар.
- Ендеше, біз бикеш әріптер қоржынын алып келіпті. Осы қоржынды ашып көрелік, бізге қандай әріпті алып келіпті. Қоржынның аузындағы сақина, білезіктерді тапсырмасымен 4 оқушыға бөліп беремін.
- Балалар, қоржын аузынан алынған заттарды өз жолдарымен алады екен. Ендеше біз сыныбымыздағы жақсы оқушыларға берейік. Екі оқушы шығып әріптер қоржынынан әріптің баспа және жазба түрін алады.

ІV. Енді осы жаңа әріпке сөздер ойлап жіберейік, қане, кім атады.
Ін, ешкі, жеміс, із, ішті, ілгіш.
V. тапсырмаларын сұрау.
А) І дыбысына байланысты суреттер көрсету.
Ә) Сөздерді буынға бөлдіру.
Іл - гіш, кі - сі, ін, бі - лім.
Б) дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты ажырату.
- К к
- І і і созылып айтылады. (резинамен созып көрсету)
VІ. Оқулықпен жұмыс.
А) Әйнектің ішіндегі сөздерді оқып беру, соңынан оқушыларға оқыту.
Ә)- Балалар, сендерге тағы бір жұмбақ айтсам табасыңдар ма?
- Табамыз.
Қойған жеріңде жатады,
Қолыңа алсаң өзіңе тіл қатады?
(кітап)
Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

Б) Кітап сөзін құрату
Буындық, дыбыстық талдау жасау.
В) Тексті оқыту.
Г) Дауысты дыбыстарды қайталау.

VІІ. Сабақты қорыту.
Сөзжұмбақ І
Балалар, сөзжұмбақты табайық. Бұл сөзжұмбақта і дыбысына байланысты сөздер ойлайық.
1. Көйлек, пальто, костюмның жалпы атауы.
2. Аңдардың қар бетінде қалатын таңбасы.
3. Космос әлемін шарлайтын не?
4. Өзі үлкен, бірақ та тышқаннан қорқатын жануар.
5. Сүттен қайнатып жасайтын тағам түрі.
Міне, балалар, сөзжұмбақты шештік енді осы сөздердің басқы әріптерінен қандай сөз шықты?
- Кірпі.
- Осы сөзде бүгінгі өткен дыбыс бар ма? Кім көрсетеді?
Үйден і дыбысы бар сөздерді ойлап келіңдер, келесі сабақта тағы сөзжұмбақ ойынын ойнаймыз.


Скачать


zharar.kz