Сабақтың тақырыбы: Қабыш Жәркенов Есім сабақ оқуды қалай үйренді?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыны Қабыш Жәркеновтың Есім сабақ оқуды қалай үйренді? атты әңгімені түсініп оқуға, әңгімелей білуге үйрету; әңгіменің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Пәнді, мұғалімді, бір - бірін сыйлауға, тыңдауға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: тақырыптық суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
б) Психологиялық дайындық:
- Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойында.
- Жарайсыңдар, балалар!
Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар өткен сабақта біз Үлек тақырыбының өттік. Қане, үй жұмысын кім айтады?
Оқушылардан түсінгендерін сұрау.
Сұрақтар:
- Үлек дегеніміз не?
- Балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?
- Балалар неден, неге қатты қорықты?
- Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
- Портрет дегеніміз не?
- Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын барлығың жақсы орындар келіпсіңдер. Олай болса біз жаңа сабағымызды бастайық.
Жаңа сабақ
- Балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қабыш Жәркеновтың Есім сабақ оқуды қалай үйренді? атты әңгімесі. Бұл әңгімеден Есім деген баланың сабақты қалай үйренгендігі туралы, атасының сөзі туралы біледі екенбіз.
Қабыш Жәркенов - 1933 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Түркістанда туған. Сонда педагогикалық училище бітірген. 1955 жылы атамекеніне қайтып оралады. ҚазМУ - дің филология факультетін бітірген (1963). Көп жылдар бойы ауылда ұстаздық қызмет еткен.
Балаларға арналған Мінезді аға , Айналайын , Көңілді жаз , т. б. басқа да кітаптары, Мұғалімдер атты романы шықты (1999).
Әдіскер: Жахметова Б. К.
Қабыш Жәркенов Есім сабақ оқуды қалай үйренді? жүктеу