Ц дыбысыСабақтың мақсаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы
Сабақтың мақсаты:
1. Ц дыбысының дауыссыз екендігін айтып, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
2. Ц дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату.
3. Ц дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып, білім сапасын арттыру.
Тәрбиелігі: Өздігінен жұмыс істеуге баулу, ойын тұжырымдауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, түсінгенімен қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Білімді жүйелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, ойын, проблемалық жағдайлар.
Жұмыс түрлері: Жеке, ұжыммен, топпен.
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, мультимедиа.

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру.
І - жиын
- Балалар мен бүгін көңілдімін. Сендер ше? - Біз де көңілдіміз. - Бүгін біздің сабағымызға алыстан көптеген қонақтар келіп отыр. - Әрбір атқан таң шуағы сіздерге жақсылық, қуаныш әкелсін. - Біз бір - бірімізге де жақсы тілек айталық.
Ақылды бол! Инабатты бол! Кішіпейіл бол! Бақытты бол! Шыншыл бол! Үлкенді сыйла!
Біз қазақ тілінен қандай бөлімді оқып жатыр едік?
- Дыбыс және әріп.
- Бұл саланы зерттейтін тіл білімінің қай саласы?
- Фонетика.
- Біз қандай дыбыстарды өттік?
- Э; В; Ф; Ч; Щ - дыбыстары.
- Қандай дыбыстар байырғы сөздерде кездеспейді?
- Э; В; Ф; Ч - орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда кездеседі.
- Қандай дыбыс қазақтың байырғы сөздерінде кездеседі.
- Щ - ащы, тұщы, кеще.

Жаңа сабақ: Ц - қатаң, тіс дауыссыз дыбысымен танысамыз.
Бұл дыбысты жақсы танып білу үшін 3 орталыққа бөлінеміз.


Скачать


zharar.kz