Сабақтың тақырыбы: Табиғат тамашалары сайыс
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту
Табиғат және оның тірі бөліктері жайында ұғымдарын дамыту
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны:
Сайыстың барысы:
Психологиялық дайындық
- Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жер ана!
Амансыз ба, Қадірлі қонақтар!
Амансың ба, Сен!
Амансың ба, Мен!
- Балалар, мына сөзжұмбақты шешейік.
1. Кішкене құс
2. Тәтті жеміс
3. Ұрған сайын семіреді
4. Адамның досы
5. Бізді қоршаған аспан әлемі
6. Сулы жеміс
7. Орман құсы
- Демек, бүгінгі сабағымыз табиғат туралы екен. Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат - ол су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетіндегі тіршілікті елестету мүмкін емес.
- Табиғат - ол топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
- Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда - тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта - көлеңке, суықта - пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде - қуантатын табиғаттың сұлу көркі. Өсімдік – таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл желек, орман.
- Табиғат - ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары - ақбөкен, әні мен сәні - бұлбұл, су аруы - аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
- Ендеше, табиғат туралы жұмбақтар шешейік. Жұмбақта алғырлық танытқан балаларды сайысқа қатыстырайық.
Жиегiне шатырдың
Судан шеге қатырдым. (Сүңгi)
Қыста шыны боп қатады,
Жылыда су боп жатады. (Мұз)
Қоймасын қыс ақтарып,
Жердi жапты ақ мамық. (Қар)
Жаңбыр жуды жерiмдi,
Көкте өрмек керiлдi. (Кемпiрқосақ)
Түсi бар көрiнбейтiн,
Бiр тұтас бөлiнбейтiн.
Тынысы ол тiршiлiктiң,
Ешқашан жерiнбейтiн. (Ауа)
Жыл мезгiлi шуақты,
Жердiң бетi нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өстi ырғалған. (Көктем)
Орақ болып туады,
Табақ болып тынады. (Ай)