Қандай жыртқыш жануарларды білесің

Скачать

Атырау қаласы.
Жалпы білім беретін №6 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Баймурзиева Нұрғаным Сабырқызы

Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың көптүрлілігі

Барысы:
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылығы: Оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлерімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
Білімділігі: Оқушылардың адңан білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып табиғатты қорғауға өз үлесін қосуына тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО әдістері.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: электронды оқулық, суреттер, плакаттар, тест жинақтары

І. Ұйымдастыру жұмысы.
Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық
ІІ. Танысу тренингі.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж тақырыбы бойынша түсінгендері сұралады.

Үй тапсырмасын тест арқылы бекіту.
1. Біздің елімізде өсімдіктің:
а) 6000 түрі
ә) 40 түрі
б) 25000 түрі
в) 600 түрі
2. Әр өсімдікке:
а) ұзын тамыр
ә) құрлық және ыстық климат
б) ылғалды топырақ
в) белгілі орта қажет
3. Өсімдік топтары деп:
а) жылу мен ылғалдың таралуын;
ә) топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;
б) 140 - қа жуық өсімдік түрі;
в) жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа.
4. Мәдени өсімдіктер:
а) адамның қатынасынсыз өсе алмайды;
ә) өздігінен өседі;
б) сырт көмекті қажет етпейді;
в) өсу тіршілігін тоқтатады.
5. Сирек және құрып кетер қаупі бар өсімдіктер:
а) конституцияға;
ә) тіл жөніндегі заңға;
б) Дүниетану оқулығына;
в) Қызыл кітапқа енген.

IV. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау:
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Жүзім
2. Алма
3. Ананас
4. Қауын
5. Қарбыз
6. Қияр

V. Жаңа мағынаны таныту. Электрондық оқулықпен жұмыс.
Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:

Жануарлар

Бунақденелілер
Қосмекенділер
Сүтқоректілер
Жорғалаушылар
Құстар
Балықтар

Топтық жұмыс: Ойлан - жұптас - талқыла
І топ.
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылықтар бар?
ІІ топ.
Қандай жыртқыш жануарларды білесің? Оларды неге жыртқыш деп атайды?
ІІІ топ.
Жануарлардың тіршілік ортасы туралы не білесің?
ІV топ
Мына жануарды сипатта. (Қасқыр)
VI. Сергіту сәті.

VII. Ой толғаныс.
1. Семантикалық картамен жұмыс.
Жануарлар

Шыбын, маса-------------- Бунақденелілер
Бүркіт, түйеқұс------------ Құстар
Сазан, шортан------------- Балықтар
Бақа, жылан--------------- Қосмекенділер
Сиыр, түй------------------ Сүтқоректілер
Жылан, кесіртке--------- Жорғалаушылар

2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқытып сұрақ - жауап арқылы талдау жасау.
3. Дәптермен жұмыс. Жануарлардың топтарын жазу.
VIII. Сабақты қорыту: Кір жаятын жіп ойыны арқылы сабақты қорыту. Оқушылар бүгінгі сабақта есте қалған тірек сөздерді жазып, тақтаға іледі.
Топты бағалау, жеке оқушыны бағалау.


Скачать


zharar.kz