Тұзды шашпа

Скачать

(Дөңгелек стол жанында әңгіме) 2 - сынып

Тыйым сөздер
Мақсаты: Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезім оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу

Тыйым сөздер – ата - бабаларымыз баланы бесіктен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла , Сәлем бер, жолын кесіп
өтпе , деген ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Жақсы адамгершіліктің қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны
белгілі. Тыйым сөздер адамгершілік қасиеттерді ізгілікпен ұштастырады. Тыйым сөздер арқылы дұрыс дағдылар мен өзін - өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы, сыныптағы
отбасындағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.

Тыйым сөздер:
1. Нанды баспа, нанды бір қолыңмен үзбе, нанның үстіне зат қойма.
Бұл сөздерде нан қасиетті тағам, ас атасы нан екені түсінікті.
2. Тұзды шашпа. Тұз ащы, ащы нәрсені шашуға болмайды, әрі тұз да қасиетті тағам, тұзсыз тағамның дәмі болмайды.
3. Бас киіммен ойнауға болмайды, бас киімді жоғары қою керек.
4. Босағаны керуге болмайды.
5. Табалдырықта тұруға және табалдырықты басуға болмайды.
6. Үйге жүгіріп кіруге болмайды.
7. Түнде суға баруға болмайды.
8. Малды тебуге болмайды.
9. Бос бесікті тербетуге болмайды.
10. Көпшіліктің ортасында есінеуге, қатты жөтелуге, қатты түшкіруге болмайды.
11. Пышақ пен ойнауға болмайды.
12. Құстың ұясын бұзуға болмайды.

Тыйым сөздер арқылы қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып, баланың бар істі шын пейілмен, әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін айқындайды.
Тыйым сөздер негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады.
Тыйым сөздер арқылы ар - ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Тыйым сөздер арқылы тағамды қадірлеу, күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарды ескеру, төрт түлік малды қадірлеу.
Мәдениеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс - әрекет барысында, әртүрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.


Скачать


zharar.kz