Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып, сандар жайлы түсініктерін қалыптастыру, 1 - ден 5 - ке дейін ауызша санап, есептей білуге, сандар қатарын сақтай білуге тура және кері санауға, сандардың өсу мен кему ретін салыстыра білуге үйрету. Ойлау қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру. Қиялын, есте сақтау қабілетін арттыру, сөздік қарым қатынаста тіл байлығын жетілдіру. Ұзын, қысқа ұғымдарын есте қайта жаңғырту.
- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянған соң қайда келесіңдер?(балалардың жауабы)
- Балабақша сендерге несімен ұнайды?(б. ң жауабы)
- жарайсыңдар балалар, балабақша біздің екінші үйіміз, мұнда біз тату - тәтті бірге өмір сүріп келеміз.
мен бүгін сендерді "Ойлан тап"- деп аталатын қызықты математика әлеміне шақырамын.
- Балалар мен сендердің ертегіні өте жақсы көретіндеріңді білемін, сондықтан мен сенднрге қызықты ертегі айтып бергім келіп тұр.
Ерте, ерте, ертеде бір үйде ағалы інілі ағайынды сандар өмір сүріпті. Олар орманға шырша тамашалауға барып бір бірінен адасып қалыпты. Адасып жүрген сандарды жалмауыз кемпір ұстап алыпты. Осы адасқан сандарға бізден көмек керек болып тұр. Егер сендер жалмауыз кемпірдің тапсырмаларын орындасаңдар жалмауыз кемпір сандарды үйлеріне жібереді. Сандарға тек сендер ғана көмектесе аласыңдар.
Тапсырмаларымен танысайық,
1 - тапсырма
а) аспанда неше күн бар?
б) адамда неше көз бар?
в) бағдаршамда көз нешеу?
г) төртбұрыштың бұрышы нешеу?
д) адамның бір қолында қанша саусақ бар?
2 - тапсырма
Шатасқан сандарға көмектес.
Сандардың оң жақ және сол жақ көршісін тап.
3 - тапсырма
"Қуыршақтарға көмектес"Әр қуыршақтың лентасын табу.(лентаның ұзындығын өлшеу)
1, 2, 3, 4, 5. тура және кері санау(тақтамен жұмыс)
Үстел үсті ойыны.
Доптарды қызыл жолақшаға солдан оңға қарай кішісінен үлкеніне қарай өсу ретімен орналастыру.
Доптарды көк жолақшаға солдан оңға қарай кему ретімен орналастыру.(тақтаға көрсету)
Сергіту сәті
Көкке бойын созады.
Көпке қолын созады
Кең құшағын ашады
Көлеңкесін тосады
Көп қарағай - қарағай
Мейірбанды анадай!
Санамақ санау.
1 дегенім - бірлік,
онсыз болмас тірлік.
2 дегенім - еңбек.
еңбек бәрін жеңбек.
3 дегенім - үлес,
Үлес үшін күрес.
4 дегенім - терме,
Тұрған жақсы ерте.
5 дегенім - белең,
Сан үйреніп келем.
Балалар мен сендерді әдемі гүлге теңегім келеді сендер оқу - іс әрекетіне жақсы қатыса білдіңдер.(Балалар бір біріне жақсы тілектер айтып гүлдің күлтелерін іледі, гүл үлкен болып жайқалады.