Әйтпесе мектеп

Скачать

Сәлем, Жаңа жыл!
Мерекелік ертеңгілік.

1 - жүргізуші: - Құрметті ата - аналар,
Қадірменді ұстаздар мен
Ең сүйкімді балалар!
- Сіздерді келе жатқан 2018жыл Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа келген жылымыз дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке - бірлік, шадыман шаттық, көңілдеріңізге қуаныш әкелсін деп тілейміз!
2 - жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі жаңа жыл кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге!
1 - жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
2 - жүргізуші:
Кел, жаңа жыл! Төрле - төрле жеріме!
Құт береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бәрін де! - дей келе
бүгінгі Сәлем, Жаңа жыл! атты шағын орталық тобы мен мектеп - алды даярлық тобының мерекелік ертеңгілігін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Жаңа жылдық құттықтау сөз: мектебіміздің директоры Қайрат Тұрсынұлына беріледі.

Тәрбиеші: - Балалар, қазір қай мезгіл?
Балалар: - Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: - Мынау қандай мейрам?
Балалар: - Жаңа жыл.
Тәрбиеші: - Балалар, ортамыздағы әсем не? Балалар: - Шырша! Тәрбиеші: - Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! - Бәрекелді, қараңдар, балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! – Қарайықшы. Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша! - Келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (Көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады)
Сайқымазақ: - Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!
Тәрбиеші -: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, Ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?
Балалар: - Аяз ата, Ақшақар.
Тәрбиеші: - Қане, онда Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: - Аяз ата, Ақша қар, кел, кел. (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз кемпір: - Ойбай түрлерін қара! - Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Тәрбиеші: - Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Жалмауыз кемпір:- Білсем бұйырмасын!
Тәрбиеші: - Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. - Сен не, мектепте оқымадың ба?
Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі - мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қой - мап еді, ал, бардым.... Онда кешке дейін тақпақ - әндер жаттатады, ал тәрбиешілері бұрамалы ойыншық сияқты: - Қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па? Тәрбиешілері өздері біледі де, білгендерін балалардан сұрайды. Бүйтіп, мектепте оқығанша сыпыртқыма мініп алып жүрмеймін бе?
Тәрбиеші: - Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады? Балалар: - Оқимыз, ойнаймыз, тақпақтар жаттаймыз. Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап) - Түсіндің бе? - Сен өзі қайдан шықтың? - Біз Аяз атаны шақырып едік қой?! Жалмауыз кемпір: - Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді) Тәрбиеші: - Неге олай еттің? – Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл болмақ? Жалмауыз кемпір: - Ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы бола - ды. Бүгінгі сабақта, біз бет - аузымызды қисаңдатып үйренеміз.
Тәрбиеші: - Тоқта, тоқта!
Жалмауыз кемпір: - Жарайды, жарайды. (балаларға қарап: балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?)
Балалар: - Иә!
Жалмауыз кемпір: - Онда, қане жағып жіберейік! (қолына сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Тәрбиеші: - Жоқ! Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Тәрбиеші: - Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: - Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: - Саламатсыңдар ма, балалар! – Жаңа жылдарың құтты бол - сын! - Сабақтарыңды 4 пен 5 - ке оқыңдар. - Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. - Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! - Қуант, бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: - Қуант, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! (қолдарын шапалақтатады) (Шырша жарқырайды)
Аязата: - Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді екен, маған? - Сайқымазақ, сен барып Ақшақар қызымды тауып әкелші, жарай ма?
Жүргізуші: - Аяз ата, Сайқымазақ Ақшақар қызыңды тауып әкелгенше бір өлең айтайық, көңілімізді көтерейік.
Хор: Жаңа жыл .
Жүргізуші: - Аяз ата, менің бір жұмбағым бар.
- Ертегідей орманнан Көктей өтіп келеді. Сұңғақ бойлы бір сұлу Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: - Ақшақар!
(музыкамен Ақшақар мен Сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ: - Аяз ата, мінекей, орманда жоғалтып алған қызыңды тауып әкелдім.
Ақшақар: - Саламатсыңдар ма, балалар! Орманда адасып қалған едім, мені Сайқымазақ тауып алды. - Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
- Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге Мен бастаймын, ал, сендер Аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар! Ақшақар:
1 -. Қарға мүлгіп дала тұр, Келе жатыр....
Балалар: - Жаңа жыл!
Ақшақар: 2.- Қызыл мұрын, ақ мұртты, Білсең атын тез ата, Келеді бізге....
Балалар: - Аяз ата!
Ақшақар: - Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі......
Балалар: - Әдемі!
Ақшақар: - Көңілсіз бір бала жоқ, Ойын - күлкі таралсын, Құтты болсын.....
Балалар: - Жаңа жыл! (3 рет)
(Жаңа жыл келеді).
Жаңа жыл: - Кім десеңдер, мен жаңа жылмын. Мен сіздерге үлкен табыс, денсаулықтарың мықты, сабақтарыңды 4 пен 5 - ке оқыңдар демекпін.
Аязата: - Бәрекелді, үлкен сый кәмпитімізден Жаңа жылға да беріп қояйық.
- Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!
Балалар тақпақтарын айтуға шығады.
Шағын орталық тобының монтаждары.
Түлкі, түлкі, түлкішек
Ән: Қошақаным
Ойын: Кім шапшаң?

Аяз ата: - Жалмауыз кемпір, дорбаңда не бар?
Жалмауыз кемпір: - Менің дорбамда балаларға арнап сыйлықтар әкелдім, сен сияқты. – Мінекей, мынау бар, мынау бар. (Сыйлықтарын көрсетеді.) - Мына табаға балаларды салып, қуырып - қуырып жіберсем, өте дәмді болады.

Аяз ата: - Тәйт, сыйлықтарыңды сал да, залдан шығып тұр. Әйтпесе, боранға, аязға үсітіп жіберемін.
(Жалмауыз кемпір шығып кетеді.)

Тәрбиеші: - Мінекей, балалар, біз Жалмауыз кемпірден де құтылдық. (Аяз ата мен Жалмауыз кемпірді салыстыру)
Әрі қарай мерекелік кешімізді жалғастырайық.

Мектепалды даярлық тобының монтаждары.

Апам үшін әні. Шағын орталық тобының бүлдіршіндері.
Ойын: Ата - аналармен Дүкенші

Аяз ата мен ақшақар: - Балалар өнерлерің өте тамаша екен! Өнерлерің өрге жүзсін! Енді біздің де қайтатын уақытымыз болды! Баратын жерлеріміз де көп. Қош аман - сау болыңдар!

Жүргізуші: - Мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталық тобының Сәлем, Жаңа жыл! атты ертеңгілігіміз аяқталды! Келгендеріңізге көп - көп рахмет!

Сарықамыс негізгі мектебі.
Тәрбиеші: Суюндикова Айгүл


Скачать


zharar.kz