ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ лексикасының терминденуі

Скачать

ХХ ғасырдың бас кезі қазақ терминологиясының қалыптасуындағы айрықша кезең болып табылады. Бұл кезең 1910 жылдар мен 1930 жылдардың бас жағына дейінгі аралықты қамтиды. Өйткені дәл осы мерзім ішінде қазақтың білікті ұлттық кадрлары қалыптасып, білім бері мен ғылымды ұлт тілінде дамытудың негізі берік қаланған еді.
Ғылымның көптеген салалары бойынша қазақ тіліндегі төл оқулықтардың жазылуы және өзге тілдерден аударылуы салалық терминологияның қалыптасуына жол ашты. Сол кезеңге дейін термин жасаудың белгілі бір орныққан дәстүрі, басшылыққа алатын, тұрақты принциптері болмағандықтан, ондай күрделі міндеттерді атқару ісі – қазақ оқымыстыларының өздеріне жүктелді.
Ғылымы ертерек дамыған елдердің жетістіктеріне сүйене отырып, ана тілінде оқулықтар жазу барысында сол салалардағы арнаулы ұғымдарды қазақша атау қажеттілігі туындады. Сол кезге дейін тіліміздің ғылыми – техникалық прогреске икемделіп, терминжасам тәжірибесі қалыптаса қомағанын ескерсек, бұл қажеттілікті өтеудің оңай жұмыс болмағандығын пайымдау қиындық тудырмаса керек. Дәлірек айтқанда, қазақ зиялыларының алдына термин жасаудың үлгісін көрсете отырып, қазақ терминологиясын қалыптастырудың бағыт – бағдарын айқындау міндеті тұрды.
Термин шығармашылығынң сөз болып отырған тәсілін пайдалану арқылы жасаған терминдерді ғасыр басында оқулықтар мен оқу құралдарын жасаған авторлардың барлығының еңбектерінен кездестіруге болады. Мысалы, Сұлтанбек Қожанұлының 1924 жылы Ташкентте басылған «Есептану құралында» дәреже (разряд), түбір (корень), сыр (свойство), дүркін (период) сияқты терминдер болса, Елдес Омарұлының 1928 жылы Қызыолрдада басылған «Пішіндеме» (геометрия) оқулығында түйін (теорема), қар (катет), пішін (фигура), қия (диагональ), өріс (радиус), өре (диаметр), саты (таблица) тәрізді терминдер, ал 1923 жылы Ташкентте жарық көрген М. Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығында абай, әсер, елес, әдет, ес, жан, хиял, қайрат, құлық сияқты терминдер кездеседі.
Жалпы ұлттық ғылыми терминологияны қалыптастыруда осы кезеңде жарық көрген оқулықтардың орны айрықша болғанын айтқан жөн. Өйткені ғылым мен техниканың басқа да арнаулы салаларындағы ұғымдар атауларын қазақ тілінің ішкі байлығы мен сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы жасау ісі жаппай жанданып, салалық терминологиялық лексиканың сараланып, тілдің терминологиялық жүйесінің қалыптаса бастауы осы кезеңнің еншісіне тиеді. Жалпы қазақ тілінің ғылым саласындағы функционалдық стильдік қызметін атқаруға бейімдеу мен тілді термин жасау ісіне қосу, яғни термин шығармашылығында пайдалану арқылы ұлттық ғылыми терминологияны қалыптастыруда отызыншы жылдарға дейін жарық көрген оқулықтардың орны айрықша болғанын атап айтпасқа болмайды.
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап 30-жылдарға дейінгі аралықтағы ғылым тілінің ғылыми терминологияның дамуы мен қалыптасуына байланысты осы кезеңді арнайы зерттеген Исаев С. М., Айтбаев Ө., Жанпейісов Е., Барлыбаев Р. Сияқты ғалымдардың еңбектеріне мол мәлімет алуға болады. Осы кезде жарық көрген басылымдардың материалдары негізінде бірнеше кандидаттық дисертациялар қорғалды. Осының бәрі сөз болып отырған кезеңнің тілші ғалымдар назарынан тыс қалмағандығын көрсетеді. [7.69]
Сөйтіп, өткен ғасырдың 10-жылдарынан бастап, ғылымның түрлі салалары бойынша қазақ тілінде оқулықтар жазылып, қазақ баспасөзінің ел арасына ғылым – білімді кеңінен насихаттауы ғылыми терминологияның қалыптасуына негіз болды. Бұл кезеңдегі терминжасам ісінде айрықша көзге түсетін тұлға – А. Байтұрсынұлы.





2.1. 30-90-жылдар аралығындағы қазақ лексикасының терминденуі.
Термин шығармашылығының бұл кезеңі 1930 жылдардың басынан 1990 жылдарға дейінгі аралықты қамтиды.
1933 жылы КСРО ҒА –ның техникалық терминология комиссиясы құрылып, ол кейінірек ғылыми – техникалық терминология комитеті болып қайта өзгертілді. 1933 жылы Қазақстанда да Мемлекеттік терминология комиссиясы құрылды. Мемлекеттік комиссия болғандықтан да бұл комиссия құрылған күннен бастап өз жұмысын КСРО деп аталған алып мемлекеттің тіл саясатына сәйкес жүргізілді.
1935 жылы майда өткен Бүкілқазақстандық мәдениет қызметкерлерінің съезінде профессор Қ. Жұбанов ұсынған қазақ терминологиясының жаңа принциптері бекітілді.
Термин шығармашылығына партиялық басшылық шектен тыс күшейтіліп, ғылыми терминологияны дамытудың өз уақытына лайық жаңа кезеңі басталды. Бұл істе кейбір партия қызметкерлері барынша белсенділік танытты.
30- жылдарға дейін термин мәселесімен айналысқан, ұлттық ғылыми терминологияның даму бағытын белгілеген А. Байтұрсынұлы бастаған кадрлар 1937-38 жылдары әкімшіл - әмәршәл жүйе тарапынан жойылды. 1940-50 жылдар аралығында қоғамның назары екінші дүниежүзілік соғысқа және одан кейінгі бесжылдықта соғыс зардаптарын жоюға аударылда да, термин қалыптасытырудың 40-жылдарға дейінгі қарқыны біршама бәсеңдеп қалды.
Ал 50- жылдардан бастап қоғамның рухани өміріне көңіл аударыла бастауына байланысты ғылыми терминологияны қалыптастыру, дамыту жұмыстары қайтадан жандана бастады. Әсіресе 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың бірінші жартысында терминология мәселесіне едәуір мән берілді. Осы тұста ғылым мен техниканың әр түрлі салалары бойынша көптеген терминологиялық сөздіктер жарық көрді. Бұдан кейінгі уақытта термин қалыптастыру ісінің орныққан дәстүрге сәйкес бірсыдырғы жүргізіліп отырғандығы байқалды.
Ғылымның бұл пікірінің орынды айтылғандығына күмәніміз жоқ. Терминдердің бәрін шет тілдеріне алатын, жаңа ұғымдарды белгілеуге икемсіз, термин шығармашылығында пайдаланылмайтын тілді бай, жан – жақты дамыған тіл деп тану қиын. Ондай тілдің ғылым тіліне айналуы да күмәнді.
Ал ұлт тілі негізінде ғылым тілін қалыптастыру оны термин шығармашылығында шеберлікпен пайдалану сол тілді тұтынушы халықтың, адам қызметінің әр түрлі саласында еңбек ететін мамандардың, жалпы ұлт кадрларының қолындағы іс. Солардың атқаруға тиісті міндеті болуы керек. Ол міндетті орыстың М. Ломоносовы, қазақтың А. Байтұрсынұлы т.б. сынды түсінген мамандардың ұлт тілінде термин жасауға қарсы болуы, біздің тіл ондай ұғымдарды бере алмайды деуі, болмаса өзге тілдерден қабылданатын терминдерді сол тілдердегі қалпына сақтау керек деуі мүмкін емес.
Бұл кезеңде жалпы қолданыстағы сөздердің терминденуі термин шығармашылығының өнімді тәсілі ретінде көріне алмаса да, қолданыстан мүлде шығып қалмаған. Мәселен, 1962 жылы жарық көрген «құрылыс және құрылыс материалдары» сөздігінде қамтылған тақта (лист), сүймен (лом), құрсау (бандаж), қалқа (навес), ою (резьба), ошақ (жаровня) сияқты терминдер осы тәсілмен жасалған.
Жалпыхалық тілдегі сөздердің терминденуі арқылы жасалған мұндай терминдерді әр жылдары жарық көрген терминологиялық, сөздіктерден ұшыратуға болады. Олар негізінен терминденудің әр түрлі жолдарымен туындаған. Көнерген сөздер мен диалектизмдердің терминдер қатарынан орын алуы өте сирек кездеседі. Қорыта айтқанда, бұл кезең терминологияның ұлттық сипатын арттырудан гөрі совет халқына ортақ терминологиялық қор құруды мақсат еткендігімен ерекшеленеді.




2.2. Қазақ лексикасының қазіргі кездегі терминденуі
Бір орталықтан басқарылып келген кеңес одағының ыдырауы сол құрама кіретін республикалардың саяси – экономикалық, рухани – мәдени өміріне үлкен өзгерістер әкелді.
Тәуелсіздікке қолы жеткен елдердің тілдері Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, сол елдерде қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет ете бастады. Қазақ тілінің сол қатарға қосылуына байланысты кешегі комунистік идеологияның талаптарын толық қанағаттандырып келген қағидалар мен ережелердің біразы бүгінгі күннің ерекшеліктеріне орай сөзсіз өзгертілуі қажеттілігі айқын көрініп отыр. Солардың бірі қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытудың принциптері.
Кеңестік дәуірде жасалған терминдердің біразының бүгінгі таңда өзгертіліп жатуының ең басты себептерінің бірі – олардың қазақ тілінің өз ерекшелікетері ескерілмеген терминжасам принциптері бойынша жасалғандығынан екендігін мойындауымызға тура келеді.
Тіл – халық өмірінің айнасы іспетті. Ұлттың өміріндегі болып жататын барлық өзгерістер мен жаңылықтар тілден көрініс табады. Әсіресе терминологиялық лексикадан мұны анық көруге болады. Қазақ тіліндегі термин шығармашылығының әрбір кезеңі халық өміріндегі тарихи – мәдени және әлеуметтік – экономикалық өзгерістермен тікелей байланыстылығымен ерекшеленеді.
Сөз болып отырған қазіргі кезеңде лт тіліне термин жасау, жалпыхалықтық тілдің әр түрлі қабаттарын құрайтын лексиканың терминденуі біршама жанданып отыр. Бұл ғылыми – техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыруға бағытталған дұрыс үрдіс. Оған теріс баға берудің орны жоқ. Тек қазіргі кезде термин шығармашылығында орын алып отырған кемшіліктерді түзетіп, терминологияны жетілдіру жолындағы терминологиялық жұмысарды жоғары кәсіби деңгейде жүргізу – ең басты міндет.


Скачать


zharar.kz