Ең асыл қазына \ертегі\
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз атты үздік сабақтар бәйгесіне
Сабақтың мақсаты: Ертегінің негізгі идеясын ашу
Сабақтың міндеті:
а\Кейіпкердің іс әрекетін дәлелдеу, шығармашылық қабілетін жетілдіру
б\Ертегінің негізгі идеясын ашу
в\Жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
а\Ертегінің мазмұнын түсінеді.
б\Кейіпкерлерді салыстырады
в\Болжай алады.
г\Сыни тұрғыдан ойлайды.
д\жұпта, топта пікір алысады.
е\Дәлелдей алады.
Сабақтың әдісі: Топтасу, Диалогтық оқыту, Болжау стратегиясы
Көрнекіліктер: Венн диаграмма, болжау кестесі, салыстырмалы карта, концептуалды кесте, автор орындығы
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, түсіндіру, сұрақ жауап, талдау
Бағалау критерийі:
а\ Венн диаграмма 2 балл
- ортақ қасиетін табу 1 балл
- ажырата білу 1 балл
б\Болжау кестесін толтыру 4 балл
- Болжамның нақтылығы 2 балл
- Жазушы ойы мен оқушы ойының сәйкестігі 2 балл
в\Салыстырмалы карта 3 балл
- Кейіпкерлерді дұрыс сипаттау 1 балл
- Дәйектемелердің нақты болуы 1 балл
- Сауатты толтыруы 1 балл
г\Топтық жұмыс 3 балл
- Сауатты жазылуы 1 балл
- Мазмұнының ашылуы 1 балл
- Мәнерлі сауатты жеткізуі 1 балл
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру 2 мин
Сәлемдесу
Топтастыру
Еңбек туралы мақал мәтел
Ана туралы мақал мәтел
Ас туралы мақал мәтел
Шаттық шеңбері
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық
Сәттілік тілеп, күлімсіреп
Біз сабақты бастайық
Сабақтың ережесімен таныстыру
а\Сабақта бір бірімізді тыңдаймыз
б\Біреудің айтқанын қайталамаймыз
в\Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз
г\Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз
ІІ үй тапсырмасын тексеру 6 мин
Ертегіде гүлді қалай сипаттаған, тауып оқы
Гүлдер туралы суретті тексеру
Бала, бозторғай, түймедақ
Венн диаграммасын жасау, қорғау
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту 5 мин
Жеке жұмыс
Ең асыл қазына дегенде ойларыңа не түседі? Білетіндерін туралы жазыңдар
Енді жұптасып не білетіндерің туралы тізім жасаңдар.
Жасап болсақ топта талқылауымыз.
Егер де дау тұрғызатын сұрақ болса, жазып қоямыз.
Мағынасын тану
Қазір біз Махмуд Мурадовтың Ең асыл қазына ертегісін оқимыз. Ертегіні бірнеше үзіліспен оқимыз. Мен тоқтатқанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз.
Болжау кестесі бойынша жұмыс істейміз 20 мин
Не болады деп ойлайсың? Дәлелде
Не болды
І үзінді
Ерте заманда әлемнің бір бұрышында Ахмет және Ташмет деген екі жігіт болыпты. Ахмет әр істі сабырмен ойланып барып істейді екен. Бір түйір дәнді, нанның үгіндісін көзі шалса, оны дереу теріп алып, тауыққа немесе ұшқан құсқа береді екен. Ал өзі жегенінен бармақтай нан артылса, мұқият орап қойып, қарны ашқанда жейді.
Ал Ташмет керісінше, бармақтай нан артылмақ тұрмақ, жұдырықтай нан артылса да, тастап жүре береді екен.
Бірде Ахмет жолдасы Ташметке:
М: Не туралы айтты деп ойлайсыңдар?
Болжау кестесіне жазыңдар
Келесі үзіндіні оқиық.
- Мұның дұрыс емес. Нан - ең асыл қазына, қасиетті зат, - депті.
- Олай емес, - деп таласты Ташмет, - ең асыл қазына - алтын. Жо - жоқ, гауһар.
- Жоқ, ең асыл қазына - нан!
- Жоқ, гауһар!
- Ендеше, жүр, - депті Ахмет,- әлемді шарлайық. Ең асыл қазынаның не екенін сұрастырамыз да, өз көзімізбен көріп қайтамыз.
М: Ташмет келіседі ма?
Ахмет пен Ташмет не істейді?
Келесі үзіндіні оқимыз.
Ташмет келісе кетеді. Екеуі жол дорбаларына төрт - төрттен күлше салып алып, сапар шегіпті. ұзақ - ұзақ жол жүріпті, алған беттерінен қайтпай, мол жүріпті. Дала кезіп, асқар таулардан асыпты. Бір күні әбден қарындары ашып, бір бұлақтың басына келіп тоқтапты. Қоржындарынан күлше алып, әрқайсысы өз нанын жепті. Сол арада асыл қазына жайында тағы да таласып қалыпты.
М: Сонда Ташмет асыл қазына туралы не айтты? Оның шешімі өзгерді ме?
Ахметтің ойы ше?
Әрі қарай оқимыз, Ташметтің ойы өзгерді ме? Кімде сәйкес келеді, кімде сәйкес келмейді?
- Наннан асыл, наннан қасиетті еш нәрсе жоқ,- депті Ахмет.
- Жоқ, гауһар, - депті нан шайнап отырған Ташмет.- Тап қазір барлық зат гауһарға айналып кетсе ғой! Қандай тамаша болар еді.
Сол кезде аспанда бір құс қалықтап жүріпті. Ол түрін құбылтып алған сиқыршы екен:
М: сиқыршының не істемек ойы бар?
Екі дос сиқыршыны байқады ма?
Әрі қарай оқимыз
- Мейлі, сенің айтқаның - ақ болсын, барлық затың гауһарға айналсын! – депті дауыстап.
М: Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?
Кімдікі сәйкес келеді, кімдікі сәйкес келмейді? Салыстырайық әрі қарай оқимыз
Сол заматта Ташметтің аузындағы наны сатыр - күтір етіп, тісін сындыра жаздапты. Ташмет басқа күлшесін алып жейін десе, сындыра алмапты. Ол да гауһарға айналып кеткен, жалт - жұлт етеді жарқырап сәуле шашады, көзді қариды.
Ахмет өзінің нанын қамсыз жеп отырады. Ол:
М: Енді Ахмет не істейді?
Ташметтің осы кездегі көңіл күйі қандай болуы мүмкін?
Алтын, гаухарларды көргенде ең асыл қазына осы деп қуанды ма?
Әрі қарай оқимыз
- Ал менің нанымнан жей ғой! – депті Ташметке. Ташмет нанынан үзіп алып, аузына салған екен, бұл нан да гауһарға айналып кетіпті. Ташмет енді қарны ашып, зар еңірепті.
М: Оқиға немен аяқталады деп ойлайсыңдар?
Ташмет не істейді, ең асыл қазынаның не екенін түсінді ме?
Ертегі немен аяқталар екен, әрі қарай оқиық
- Қане, енді айтшы,- дейді Ахмет. – Адам үшін ең керекті асыл зат не екен?
- Енді білдім,- дейді Ташмет.- Ең асыл, ең қасиетті нан екен.
М: Ташметтің наны асыл тастарға айналып кетпесе ең асыл қазына нан екенін білер ме еді?
Өздеріңнің жазған болжамдарыңды ертегідегі негізгі оймен салыстырыңдар. Жазушының ойы мен сендердің ойларың сәйкес келе ме?
Бекіту 5 мин
Топ бойынша жұмыс
Осы ертегінің негізіне сүйене отырып, Ахметті қалай суреттейсіңдер? Ташметті ше?
Ертегі кейіпкерлеріне салыстырмалы карта жасап жұпта орындаймыз. Оларды суреттейтін сөздердің астына сол сөздердің дәйектемелерін жазып, топта талқылаймыз да, қорғаймыз.
Қорытынды 5 мин
І топ Концептуалды кесте
Кейіпкер
Іс әрекетінен үзінді
Қандай мінездің адамы
Соңғы түйін
ІІ топ
Сауаттылық хат
Кейіпкерлерге хат жазу \ Ахмет, Ташмет\
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№ 4 Тілеміс батыр орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Уатаева Қарлығаш Сабырлиевна