Әуенін тыңдау

Скачать

Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының шығармашылығымен
а) білімділік: термешілік, ақындық өнерімен таныстыру.
Термесін тыңдату арқылы, орындалу ерекшелігін ажырату, жаңа әнді әуенімен, динамикасымен
үйрету. нота сауатын меңгерту.
ә) дамытушылық: тыңдаушылық, орындаушылық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.
в) тәрбиелік: қазақ музыкасын құрметтейтін, халқымыздың асыл мұраларын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістері: ойын, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: домбыра, баян, ақын суреті, магнитафон

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық. Не жаман халық термесі тыңдау
- Балалар бұл қандай әнге жатады?
- Терме.
- Не туралы айтылады?
- Адам бойындағы қандай қасиеттер туралы айтылады?
- Қалай орындалып тұр?

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмбақ ноталар ойыны арқылы өткен сабақты қайталау, пысықтау.
Әр нотаның астында сұрақтар жазылған, сол сұраққа дұрыс жауап
берсеңдер, жұмбақ ойынның шешуі табылады.
1. До Терме дегеніміз не?
2. Ре Бұқар жырау туралы не білесің?
3. Ми Бұқар жыраудың термесін орында
4. Фа Не жаман? өз шығармаңды оқы.
5. Соль Бұқар жыраудың термесі неге ұнады?
6. Ля Не жақсы? өз шығармаңды орында.
7. Си Термені қандай аспаппен орындайды?
8. До Термеші деп кімді айтады?
Сұрақтың жауабын таптық, енді сиқырлы суретті ашайық.
- Бұл кімнің суреті?
- Махамбет Өтемісұлы

5. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Жалынды ақын - Махамбет деп аталады.
Үнтаспадан Махамбеттің өмірімен творчествосын тыңдату.
М. Өтемісұлы 1804жылы Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген.
Махамбеттің өлеңдері мен күйлері күрес - тартыс үстінде туған.
Өлеңдері шешендік толғау түрінде жазылғандықтан оның өлеңдерін терме мақамына салып орындаған. Оның термелері халықты бостандық үшін күресуге, тәуелсіздік, еркіндікке шақырып жырлайтын үгіт насихат термеге жатқызады. Ол сауатты, көрген - білгені көп ақын, композитор, күйші, үлкен өнер иесі.

6. Музыка тыңдау.
Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны толғауынан үзіндіні домбыра аспабымен орындап беру.
- Бұл әнде не туралы айтылады?
- Ұлт - азаттық қозғалыс басшысының, жарлы - жақыбай, жетім – жесір қамы үшін басын бәйгеге тіккен, ақылды да, байсалды адамның кемеңгер тұлғасы елестейді
- Ән неше буыннан тұрады?
Қалай орындалып тұр?
- Жылдам, жігерлі негізгі әуен бірнеше рет қайталанады.

7. Сергіту сәті
Бейне таспадан батырлардың жаттығуларын қайталап орындау

9. Ой шабуылы.
- Балалар сендер батыр болып кетсеңдер не істер едіңдер?
- Елді, отанымызды жаудан қорғар едік.

10. Ән үйренейік.
Солдат болам мен ертең әнін жазған К. Дүйсекеев.
а) Ән неше шумақтан тұрады?
б) Әнді хормен оқу.
в) Әуенін тыңдау.
г) Әуенімен орындату.

11. Бекіту.
Венн диаграммасы арқылы сабақты бекіту.
Базар жырау -------------- ортақ қасиеті ------------ Махамбет
термеші --------------------------------------------------- күйші
ақын ------------------------- ақын ---------------------- ақын
ақылшы --------------------------------------------------- ақылшы
шешен ---------------------- шешен -------------------- күрескер
ұстаз ------------------------- жырау -------------------- Орал
Баянауыл ------------------- термеші ------------------ шешен

12. Үйге тапсырма беру.
а) М. Өтемісұлының өлеңін түсініп оқу.
б) Солдат болам мен ертең әнін жаттап келу.

13. Қорытынды.
Ситуациялық сұрақ. Ақынмен кездессең не туралы әңгімелесер едің?
14. Бағалау.


Скачать


zharar.kz