Көлемін және пішінін сақтайтын дене

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Заттың күйлері және оларды молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру. (презентациясымен)

Сабақтың тақырыбы: Заттың күйлері және оларды молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Физика және астрономия 7 - сынып
Жалпы мақсаттар: Заттардың әртүрлі күйлерімен таныстыру және осы күйлердегі заттардың қасиеттері, кристалдық тор ұғымдарын қалыптастыру Оқушыларды топта жұмыс жасай білуге дағдыландыру, бірін - бірі тыңдай білуге, сыйлауға тәрбиелеу

Оқыту нәтижелері:
• Сыртқы жағдайлардың әсерінен бір зат үш түрлі агрегаттық күйде болады.
• Қатты денелердің, сұйықтардың газдардың кейбір механикалық қасиеттері туралы түсініктері қалыптасады.
• Оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланады.
• Бір - бірін тыңдай білуге үйренеді
Түйінді идеялар: АКТ - ны пайдаланып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға қабілеттерін дамыту
Ақпарат көздері Интербелсенді тақта, сызба плакаттар, слайдтар

Сабақты жүргізудегі іс - әрекет
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті

Психологиялық дайындық
Топқа бөлу (фигуралар арқылы) 3мин
1. Қызығушылықты ояту.
“Ой қозғау” стратегиясы (7мин)
1. Затты құрайтын бөлшектер қалай деп аталады?
2. Молекула дегеніміз не?
3. Молекуланың көрнекі кескіні қалай деп аталады?
4. Диффузия дегеніміз не?
5. Диффузияның температураға байланысы бар ма?
6. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?
Топтастыру стратегиясы.
1. Мұз, су, бу олардың бір - бірінен ерекшелігі неде?
2. Қандай қасиеттерін білесіңдер?

2. Мағынаны тану.
“Түртіп алу” стратегиясы.(10 мин)
Қатты дененің молекулаларының орналасуы
Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.
Сұйықтың молекулаларының орналасуы
Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.
Газдардың молекулаларының орналасуы
Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.
(Флипчарт 1)

3. Ой толғаныс.
1. Зымыран сұрақтар.( 20мин)
1. Молекула - кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қанша?
2. Қатты күйдегі заттың ерекшелігі қандай?
3. Сұйық күйдегі заттың ерекшелігі қандай?
4. Газ тәрізді заттың ерекшелігі қандай?
4. Тест тапсырмасы
1. Көлемін және пішінін сақтайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
2. Көлемін сақтап, пішінін сақтамайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
3. Көлемін және пішінін сақтамайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
4. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
А) атом б) молекула с) зат
5. Дененің жылулық күйін анықтайтын құрал?
А) таразы б) термометр с) мензурка
6. Заттың үш күйінің айырмашылығы неде?
А) молекулаларының өлшемдерімен б) молекулалардың орналасуымен
с) молекулалардың құрамымен
7. Молекула - кинетикалық теорияның негізін салушылардың бірі?
А) Архимед б) Аристотель с) Ломоносов
8. Әлем кеңестігіндегі барлық нәрсе не деп аталады?
А) зат б) материя с) дене
9. Кез - келген зат молекулалары өзара қалай әсерлеседі?
А) өзара тартылады б) өзара тебіледі с) тартылады және тебіледі, өте аз қашықтықта тебілу күші тартылу күші тартылу күшінен көп болады
10) Молекулалары өзіне берілген көлем ішінде ретсіз шапшаң қозғалатын заттың қандай күйіне сәйкес келеді?
А) қатты б) сұйық с) газ
5. Бағалау дескриптор бойынша бағалау.(3мин)
6. Үйге тапсырма.(2мин)
§10Венн диаграммасын құру. Мұздың, судың және будың молекула - кинетикалық теория тұрғысынан қандай айырмашылықтары және ұқсастықтары Оқушылар Шаттық шеңберін құрады
Топқа бөлініп отырады

1. Сұрақтарға жауап береді
2. Анықтамаларды дәптерлеріне жазып отырады;
3. Постермен жұмыс
4. Тест тапсырмасын орындайды
Тест жауаптары
1. А
2. Б
3. С
4. А
5. Б
6. Б
7. С
8. Б
9. С
10. С
5. Бағалау шкаласы
“ 5 ” – 9 - 10 ұпай
“ 4 ” - 7 - 8 ұпай
“ 3 ” – 5 - 6 ұпай
6. Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. Алған бағаларын күнделіктеріне қойдырады


Скачать


zharar.kz