Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қарттар аман болсын!
Мақсаты: Балаларға жалпы қарттар туралы түсінік беру. Түсіндіре отырып ой - өрістерін кеңейту.
Әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Қарттардың суреті
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару жаңа сабақпен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
- Балалар қарттар деп отырғанымыз үйіміздегі ата, әжелеріміз. Бәріміз ата - әжелерімізді жақсы көреміз бе?
- Ата, әжелерді сыйлау керек, көмектесу керек, жолда келе жатқанда жол беру керек.
- Енді балалар сендерге мен Кішіпейілділік – кішілік белгісі деген әңгіме оқып берейін.
Әңгіменің кейіпкерлері - әжей мен оның немересі және автобустағы бала әңгімеден біз автобустың іші лық толы адамдардың болғанын және бос орынның жоқтығын білдік.
Сол кезде бір баланың әжейге өз орнын ұсынғаны – сол баланың жақсы тәрбиесінің көрсеткіші болды. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол мейірбан болады, кісіге қол ұшын беріп, жәрдемдесуге әзір тұрады. Кішіпейілділік көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін халық : Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік , - деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.
- Балалар әңгімені түсіндік ғой. Сонда ата, әжелерге автобуста болсын көшеде болсын орын беріп, жол беріп жүру керек. Ата , әжелерді сыйлау керек. Енді атамызға, әжемізге арнап тақпақтарымызды айтып берейік.
1-тәрбиеленуші
Ата - үлкен, кәріміз,
Қуат берер дәріміз,
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
2- тәрбиеленуші
Қарттар жүрсін ортада,
Өткенді көрген шежіре,
Аман - сау жүрсін әрқашан,
Сыйлаған бақыт біздерге
3- тәрбиеленуші
Әжетайым , тірегім
Кеудемде соққан жүрегім.
Шаттансам шығып қияға,
Қиналсам сен де жүдедің.
4- тәрбиеленуші
Әжетайым , ардағым.
Борышты өтеу арманым.
Ұмытылмас мен үшін
Ұйқыдан талай қалғаның